- Басты
- Жаңалықтар
- 18 елдің көшбасшысы Қазақстан аумағындағы МАГАТЭ Төмен байытылған уран банкіне қатысты мәлімдеме қабылдады
18 елдің көшбасшысы Қазақстан аумағындағы МАГАТЭ Төмен байытылған уран банкіне қатысты мәлімдеме қабылдады
Бұл мәлімдеме мемлекет басшысының Вашингтон қаласында Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысуы барысында қабылданды.
Бірқатар шетел мемлекеттерінің көшбасшылары және Қазақстан Президенті соңғы бірнеше айда Төмен байытылған уран банкін құруға қатысты айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізілгенін атап өтті.
Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) Қазақстан аумағындағы Төмен байытылған уран банкіне қатысты АҚШ, БАӘ, Германия, Жапония, Иордания, Қазақстан, Канада, Қытай, Испания, Мажарстан, Норвегия, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Филиппин, Финляндия, Франция, Чехия және Швеция көшбасшыларының бірлескен мәлімдемесі
Отын циклінің бастапқы кезеңінде мүше мемлекеттерге қосымша кепілдіктер беруге арналған ядролық отын жеткізуді қамтамасыз ету тетіктерінің бірі ретінде Төмен байытылған уран (ТБУ) банкін құрудың маңыздылығын атай отырып;
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) Қазақстанда АЭХА-ның ТБУ Банкін құрудағы аса маңызды күш-жігерін атай отырып;
Қазақстанның ядролық қаруды таратпауға және халықаралық бейбітшілікке қатысты керемет қызметтер атқарғанын атай отырып;
Барлық донорлардың – «Ядролық қауіп-қатерді азайту жөніндегі бастаманың», Америка Құрама Штаттарының, Еуропалық Одақтың, Қазақстанның, Кувейттің, Норвегияның, Біріккен Араб Әмірліктерінің және Дүниежүзілік ядролық тасымалдау институты Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттігінің ТБУ банкіне елеулі қаржылық жарна қосқанын атай отырып;
Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі 4-ші саммитке байланысты жиналған АҚШ-тың, БАӘ-нің, Германияның, Жапонияның, Иорданияның, Испанияның, Қазақстанның, Канаданың, Қытайдың, Мажарстанның, Норвегияның, Оңтүстік Кореяның, Ұлыбританияның, Филиппиннің, Финляндияның, Францияның, Чехияның және Швецияның көшбасшылары төмендегідей мәлімдемені қолдайды:
· Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің ТБУ банкі – ашық нарық немесе төмен байытылған уран жеткізудің өзге де тетіктері тұрақсызданған жағдайда елдерге ядролық отын жеткізу кепілдігін қамтамасыз ету жөніндегі жаһандық күш-жігердің бір нәтижесі екенін атап өткіміз келеді;
· Өткен бірнеше ай ішінде Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің ТБУ банкін құруға қатысты елеулі ілгерілеуге қол жеткізілгенін, соның ішінде:
- 2015 жылғы маусым айында Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік пен Ресей Федерациясы арасындағы АЭХА төмен байытылған уранын және жабдықтарды Ресей аумағы арқылы АЭХА ТБУ банкіне және одан кері транзит бойынша өткізу туралы келісімге қол қойылғанын;
- 2015 жылғы 27 тамызда Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов және АЭХА Бас директоры Ю.Амано арасында АЭХА ТБУ банкін құру туралы елдік келісімге қол қойылғанын атап өтеміз.
Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкін құру жөніндегі құқықтық мәселелер Қазақстан тарапынан толық шешім тапқанын растаймыз және оны кең ауқымды жүзеге асыру ісіне кірісеміз деп үміттенеміз.
Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкі өз қызметін қауіпсіздік пен сенімділік жағдайында жүзеге асырады деп үміттенеміз.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді