- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында шетелдік делегация басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді
Елбасы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында шетелдік делегация басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді
Мемлекет басшысы Саммитке қатысу барысында бірқатар шетелдік делегациялар басшыларымен келіссөз жүргізді.
Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен кездесуде мемлекеттер басшылары ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық, білім беру саласындағы өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ инновация енгізу саласындағы бірлескен қызмет мәселелерін талқылады.
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанмен келіссөз жүргізді. Бұл ретте В.Орбанның былтыр сәуірде Астанаға сапарында жасалған екіжақты уағдаластықтарды жүзеге асыру және агроөнеркәсіп кешеніндегі ынтымақтастық жайы әңгіме арқауына айналды.
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуде мемлекеттер басшылары Шанхайда биылғы қыркүйекте өткізу жоспарланған, Нұрсұлтан Назарбаев құрметті қонақ ретінде шақырылып отырған «G20» саммиті жайын талқылады.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті Түркия Президенті Р.Ердоғанмен, Әзербайжан Президенті И.Әлиевпен, Иордания Королі ІІ Абдалламен, Украина Президенті П.Порошенкомен, Армения Президенті С.Саргсянмен, Литва Президенті Д.Грибаускайтемен, Мексика Президентом Э.Пенья Нетомен, Чили Президенті М.Бачелетпен, Үндістан Премьер-Министрі Н.Модимен, Сингапур Премьер-Министрі Л.Сянь Лунмен, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Д.Керримен кездесті.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары