Қазақстанда шамамен 1 трлн теңге жария етілді – ҰЭМ

1 Сәуір, 2016 20:13
Қазақстанда шамамен 1 трлн теңге жария етілді, деді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Ұлттық жаңғырту комиссиясының мүшелері қатысқан «Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» тәжірибелі түрде жүзеге асыру» дөңгелек үстелі барысында.

 «Индустрияландыру және экономикалық өсу атты үшiншi реформа шеңберiнде «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын iске асыру мақсатында өткен жылы 30 заң мен 289 заңға тәуелдi акт қабылданды. Ал 2016 жылы 152 нормативтiк-құқықтық акт, оның iшiнде 2 кодекс пен 4 заң әзiрленiп, қабылданады», - дедi Е.Досаев.

Министрдiң айтуынша, ауыл шаруашылығы жерлерiн жеке меншiкке беру мақсатында жергiлiктi атқарушы органдар 2016 жылғы 1-шi шiлдеден бастап аукциондар арқылы сауда-саттыққа 1 млн 700 мың гектер жердi шығаратын болады. Олардың 645 мың гектары бүгiнгi күнi дайын. Жер 10 жылға бөлiп төлеу арқылы сатылады. Және жердiң кадастрлық құнының 50 пайызы мөлшерiнде жеңiлдiктер берiлетiн болады.

«Реформалаудың бірінші кезеңінде монополияға қарсы салалар 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 914 субъектіден ресстрлер доминанты 254 – ке дейін қысқартылды. 2017 жылдың 1 қаңтарына бастап табиғи монополияның реестрлер доминанты алынады», - деді министр.

Оның айтуынша, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке араласуы 47 пайызға азайды.  Бұл ЖШС мен АО мемлекеттің қатысуымен болса, 50 пайыздық топтама менеджмент-бақылауды сақтайды.

«Осы жылдың басынан бастап мұнай бағасы соңғы 12 жылда лезде құлдырады  - барреліне 28 доллардан төмендеді. Халықаралық энергетикалық агенттіктің болжамы бойынша, ОПЕК пен Ресей елдерінде  өнім көлемі есебінде мұнай бағасы ұзаққа дейін сақталады. Бүгінде АҚШ экономикасында болып жатқан жиі өзгерістерге де байланысты тұрақсыздық байқалып отыр.

«Үкімет түзеткен макроэкономикалық көрсеткіштерге сәйкес, АҚШ долларының есеп айырысу бағамы 300 теңгеден 360 теңгеге ауыстырылады.Әлемдік нарықтағы ағымдағы үдеріс бойынша 2016 жылы әлемдік мұнай бағасы барреліне 30 долларға, ал металл бағасы былтырғы жылға қарағанда 15 пайыз төмен деңгейде болжанады. Мұнай мен металға жаңартылған сценарий бойынша, сонымен қатар, экономикалық белсенділікті ынталандыру бойынша дағдарысқа қарсы жедел алдын ала шараларына орай 2016 жылы ЖІӨ өсімі 0,5 пайызды құрамақ», - деді Е. Досаев.

Ведомство басшысы айтып өткендей, Мұнай мен металға жаңартылған сценарий бойынша, сонымен қатар, экономикалық белсенділікті ынталандыру бойынша дағдарысқа қарсы жедел алдын ала шараларына орай 2016 жылы ЖІӨ өсімі 0,5 пайызды құрамақ.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар