• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Бекетаев: 3 жыл ішінде мемлекеттік сот атқарушылар саны 70 пайызға қысқарды

М.Бекетаев: 3 жыл ішінде мемлекеттік сот атқарушылар саны 70 пайызға қысқарды

1 Сәуір, 2016 19:58
3 жыл ішінде мемлекеттік сот атқарушылар саны 70 пайызға қысқартылады, деді ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Марат Бекетаев Ұлттық жаңғырту комиссиясының мүшелері қатысқан «Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» тәжірибелі түрде жүзеге асыру» дөңгелек үстелі барысында.

 «2016 жылдан бастап жергілікті полиция қызметі жұмысын бастады. Барлық кадрлық мәселедер шешілді. 25 мыңнан астам қызметкер тағайындалды. Өткен жылдан бастап республика бойынша учаскелік инспекторлардың халықпен 25 мыңнан астам есептік кездесуі өтті», – деді М.Бекетаев.

Бұдан бөлек, ҚР ІІМ орталық аппараты, Астана мен Алматы қалаларының және 14 облыстың ІІД жанынан полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне халықтың шағымдарын қарау бойынша қоғамдық кеңестер құрылды. Сондай-ақ сәйкес қоғамдық кеңестер барлық облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерінде жұмысын бастады.

«2013 жылдан бастап түрме халқы 21 пайызға қысқарды. Сотталушылардың санының азаюына байланысты биыл 7 түзету мекемесін жабу жоспарланған», – деді ол.

Айта кетейік, жол-потрульдік полиция үшін 9 332 видеотіркеуіш сатып алынды, бұл қажеттіліктің 55%-ын құрайды. Жылдың соңына дейін құқық қорғаушылар тағы осындай 2 500 құрылғымен қамтамасыз етілмек.

«ІІМ жанындағы органдар, Астана мен Алматы ІІД мен 14 облыс органдары жатады. Қылмыстық құқықбұзушылықтың жобасы жүзеге асырылуда. Азаматтар қазірден бастап Астана мен Алматы, облыстардағы тәртіпбұзушылықтар туралы ақпарат таратады. 2013 жылдан бастап түрме халқы 21 пайызға қысқартылды. 33 пайызға құқыққорғау тұлғаларының рецидиві қысқарды», - деді ол.

Ол атап өткендей, бос қалған бюджеттік қаржы пробация қызметіне пилоттық түрде электронды браслет ретінде жіберіледі.

 

 

 

Барлық жаңалықтар