• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Тоғжанов: Қазақстандық біртұтастықты нығайтудың жаңа тұжырымдамасы аясында 33 нормативтік құқықтық акт қабылданды

Е.Тоғжанов: Қазақстандық біртұтастықты нығайтудың жаңа тұжырымдамасы аясында 33 нормативтік құқықтық акт қабылданды

1 Сәуір, 2016 19:27
Қазақстандық біртұтастықты нығайтудың жаңа тұжырымдамасы аясында 33 нормативтік құқықтық акт қабылданды. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Ералы Тоғжанов Ұлттық жаңғырту комиссиясының мүшелері қатысқан «Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» тәжірибелі түрде жүзеге асыру» дөңгелек үстелі барысында айтты.

«Қазақстандық біртектілік пен біртұтастықтың  жаңа тұжырымдамасы бекітілді. Бұл тұжырымдама барлық төртінші реформаның құжаты болып есептеледі. Біріншіден, онда нақты механизмдер белгіленген, алгоритмдер мен  төртінші реформаны жүзеге асыру бойынша қадамдар қарастырылса, екіншіден, ЖАО  мемлекеттік орталықтары бойынша нақты тапсырмалар жүктелді. Үшіншіден, барлық жұмысқа ҮЕҰ мен азаматтық қоғам институттары тартылды», - деді ол.

 «Төртінші реформадағы бірлік пен біртектілік алты қадамды біріктіреді. Бірінші қадам аясында ҚХА туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ұлт Жоспары» «100 нақты қадам» аясында бірлік пен біртектілікті қалыптастыру мақсаттары қойылған. Ол мақсат бірнеше бағыт бойынша дамытылады. Бүгінде осы бағытта 33 нормативтік акт қабылданды. ҚР Парламент деңгейінде 5 ірі заңға қол қойылды», - деді Е.Тоғжанов.

Ол атап өткендей, Мемлекет Басшысының 5 Жарлығы мен Үкіметтің 12 Қаулысы қабылданды және бүгінде жүзеге асырылуда. Бұл реформалар Қазақстан xалқы Ассамблеясы негізінде іске асады. Себебі, елдің бірлігі әрқашанда тәуелсіздіктің тірегі болып қала береді.

«Ол - ел дамуының негізгі құндылықтарының бірі. Егер 30 дамыған елдің қатарына енуге талпынатын болсақ, еліміздің туын жоғары көтеріп, экономикалық-әлеуметтік сұрағын да шешеміз дейтін болсақ, алдымен қоғамдық келісімді, еліміздің тұрақты дамуын тікелей қамтамасыз етуіміз керек»,-деді Ералы Тоғжанов.

 

 

Барлық жаңалықтар