• Басты
  • Жаңалықтар
  • Т. Донақов: Қазақстанда мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау күшейтілді

Т. Донақов: Қазақстанда мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау күшейтілді

1 Сәуір, 2016 18:41
Қазіргі уақытта барлық елдерде мемлекеттік қызметкерлерге сапалы қызмет көрсету мәселесі күшейтілуде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жүйелі шаралар қолданылуда. Осылайша, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруда бес институциоаналды реформаны іске асыруда тиісті шаралар жасалуда, деп Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министр Талғат Донақов «Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» тәжірибеліс іске асыру» баспасөз-конференциясында мәлімдеді.

«Ұлт жоспарының алғашқы үш қадамы мемлекеттік аппараттың сапасын арттыруды қалыптастыруға бағытталған. Осы мақсатта мемлекеттік қызметке кіру және өсу тәртібі жаңғыртылды. Сонымен қатар, мамандарды іріктеудің ұшсатылы жүйесі енгізілді. Мамандарды іріктеуде біліктілікті қамтамасыз ету үшін жаңа жылдан бастап жеке сапа тәсілі енгізілді. Жаңадан келгендердің сәтті бейімделулері үшін міндетті сынақ мерзімі енгізілді.  Мемлекеттік қызметкердің тиімді жұмыс істеуі заңмен бекітіліп, еңбекақысы жұмысының нәтижесіне қарай белгіленетін болды»,-деп мәлімдеді ол.

Сонымен қатар, ведоомство басшысы, айналу тетіктерін жүзеге асыру мақсатында және мемлекеттік қызметшілерді басқа жерге көшірген кезде заңнамада оларға тұратын үй беру қарастырылған.Сонымен қатар, заңнамамаен оларға оқытылу жүргізілу қарастырылған, яғни үш жылда бір рет.

Сондай-ақ, оның айтуы бойынша шетелден де жұмысқа алу мүмкіндігі бар. Ұлт жоспарының 15 қадамының екеуі жұмыс этикасын сақтауға бағытталған, яғни құқық бұзушылық және қауіпсіздік.

«Мемлекеттік қызмет істері бойынша министрлікте ҚР Президентінің шешімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті құрылды.  Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң құқық қорғау органдарына да әрекет етеді. Олар 2017 ыжлы заңнаманы білу мен жеке қасиеттерді бағалау бойынша тестілеуден өтеді. Қорытынды 15-ші қадам Мемлекет басшысының шешімімен  мемлекеттік қызметкерлер аттестациядан өтеді»,-деді министр.
Осылайша, Қазіргі уақытта барлық елдерде мемлекеттік қызметкерлерге сапалы қызмет көрсету мәселесі күшейтілуде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жүйелі шаралар қолданылуда.
 

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар