• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д.Назарбаева: Ұлт жоспарын сәтті жүзеге асыру Қазақстанға жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік береді

Д.Назарбаева: Ұлт жоспарын сәтті жүзеге асыру Қазақстанға жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік береді

1 Сәуір, 2016 18:11
Ұлт жоспарын сәтті жүзеге асыру Қазақстанға жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік беріп, экономикалық өсім мен барша қазақстандықтардың сапалы өмір сүруін қамтамасыз етеді. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева Ұлттық жаңғырту комиссиясының мүшелері қатысқан «Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» тәжірибелі түрде жүзеге асыру» дөңгелек үстелі барысында айтты.

 «Жаңа жылдан бері елімізде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін Президент Жарлығы бойынша арнайы ұлттық комиссия құрылып, негізгі ұйымдастыру жұмыстары өткен жылы басталып кеткен болатын. Содан бері бірталай жұмыстар атқарылды. Бес жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Парламент депутаттары, отандық дәне халықаралық сарапшылар тартылды. Бұл жұмыс топтарының жетекшілері бүгін сауалдарға жауап береді», - деді баспасөз мәслихатында бірінші болып сөз алған Дариға Назарбаева.

Вице-премьердің атап өтуінше, комиссия жұмысы Елбасының тұрақты бақылауында. Аз ғана уақыттың ішінде ұлттық комиссияның 48 отырысы өткен. Әлемдік стандарттарға сай келетін 59 заң қабылданып, 400-ден астам нормативтік-құқықтық актілер дайындалды.

«Сондай-ақ, инвесторларға 350 қызмет көрсету бойынша «бір терезе» жүйесі ашылды. ҚХА реформасы өткізілді. «Азаматтарға арналған Үкімет» мемкорпорациясы құрылды.  Қазір онда 4 РМК – ХҚКО, Жылжымайтын мүлік  орталығы, Ғылыми – өндірістік жер орталығы, зейнетақы берудің мемлекеттік орталығы бар. Ұлт жоспарының одан әрі жүзеге асырылуының негізі қаланды», - деді Д.Назарбаева.

Премьер-Министр орынбасарының айтуынша, Ұлт жоспарын тиімді жүзеге асыру  жаңа деңгейге шығып,  барша қазақстандықтардың өмірін жақсарту мен экономикалық өсімді нығайтуға мүмкіндік  береді.

«Ұлт жоспары қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған. Оның стандарты ЭЫҰД стандартына сай. Әрбір азамат жаңа мүмкіндіктер ашылып, жағдай жасалуда», - деді Д.Назарбаева.

«Қазір біз сіздерді жұмыстың аралық қорытындысы туралы ақпараттандыра аламыз. Өздерініз білетіндей, 2015 жылдың 30 сәуір айында Мемлекет басшысының қаулысымен жаңғырту бойынша Ұлттық комиссия жасалды. Өткен жылдың мамыр айында халыққа Ұлт жоспары «100 нақты қадам» жария етілді»,-деді Д.Назарбаева.

 ҚР Премьер-министрінің орынбасары айтып өткендей, Ұлт жоспарының барлық іс-шаралары халықаралық сараптамадан өтті. Ол жерде ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына сәйкестігі тексерілді.

«Осы уақыт ішінде Ұлттық комиссия заңнамалар мен 5 институционалды реформаның бастамасында айтарлықтай жұмыстар атқарды. 48 отырыс өткізілді, Ұлттық комиссияның жұмысы Елбасының жеке бақылауына алынған. Осы жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа құқықтық институционалдық ортада өмір сүруде, ол 59 заңнан және 400-ден астам құқықтық актілерден құралған»,-деді ол.

«Қазір Денсаулық сақтау министрлігі, жалпы Үкімет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын құру бойынша жұмыс істеп жатыр. Бұл бағыттағы еліміздің алғашқы тәжірибесі бәріміздің есімізде, одан ештеңе шықпағанын білеміз. Сондықтан осы қателіктерге жол бермеу үшін біз шетелдік сарапшылардың жобаға тартылғанын қолдаймыз. Тіпті оларды осы қордың басшылық қызметтеріне шақыруға дайынбыз», - деді Дариға Назарбаева тілшілердің елге шетелдік мамандарды тарту туралы сауалына жауап бере отырып.

Вице-Премьер атап өткендей, Медициналық сақтандыру қоры тексеріске өзінің механизмденрін қосады. Сақтандыру қоры кез келген мемлекеттік  мекемемен келісім орнатпас бұрын  оның рұқсат ету құжаттарын тексеруі керек.

«Жыл бойы бақылау жүргізілетін болады. Барлығы автоматтандырылуы керек. Ауқымды жұмыс атқару қажет», - деді Д.Назарбаева.

 

 

Барлық жаңалықтар