• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның Азаматтық Альянсы «Таным» республикалық сыйлығының лауреаттарын жариялады

Қазақстанның Азаматтық Альянсы «Таным» республикалық сыйлығының лауреаттарын жариялады

19 Қараша, 2013 11:10
Қазақстанның Азаматтық Альянсы «Таным» республикалық сыйлығының лауреаттарын жариялады, ол VI Азаматтық форумның аясында өткізілді. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.

«2013 жылы ұйымдастыру комитетіне конкурсқа қатысушылардан 200 өтініш түсті. 14 номинация бойынша үміткерлер конкурстың талабы бойынша таңдалды. Ол азаматтық қоғаммен қарым-қатынас жүргізу тәжірибесі мен қызметтің қорытындысы. Мақсатты топтар бойынша жасалған қызметтің нәтижесі де бағаланды. Жүзеге асырылатын жобалар мен әлеуметтік маңыздылығы сынды бағыттар қарастырылды», - деп хабарламада нақтыланған.

«Таным» конкурсының қорытындысы бойынша диплом лауреаттарға ұсынылды: «Болашақ» ҰҚ (Тараз. «Адам құқығының дамуы), «Шексіз балалық шақ» ҰҚ (Алматы. «Балалар-біздің болашағымыз), СҚО Есіл ауданының мүгедектер ҰҚ (Шексіз әлем), «Талдықорғандық әйелдерді қорғау орталығы», «Періште» ҰҚ, «Азия Денсаулығы», «Биоген», «ASTANA» жастарды дамыту орталығы», «Қостанай облысының азаматтық даму альянсы», Өнер», «Қайырымдылық» көмек көрсету орталығы» сынды ұйымдр номинациялар бойнша лауреат атанды.

Қоғам қайраткерлеріне арналған арнайы номиницияны ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева иемденді. 

Барлық жаңалықтар