- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы Ақтөбе облысында 5,8 млрд. текше метрден астам газ және 6,9 млн. тонна мұнай өндірілді
2015 жылы Ақтөбе облысында 5,8 млрд. текше метрден астам газ және 6,9 млн. тонна мұнай өндірілді
2015 жылы көмірсутек шикізатын өндіретін компанияларда шағын және орта бизнес нысандарын тексеруге мораторий жариялануы себепті жоспарлы тексеріс жүргізілмеді. Алайда 5 кен орнын пайдаланушыға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, кен орындарын пайдалану туралы заңнама талаптары бойынша 10 заң бұзушылық анықтады. Негізінен, заң бұзушылықтар мұнай мен газ өндіру бойынша жобалық шешімдерді, өндіру және бұрғымалардың жобалық қорын, кен орындарын игеру бойынша операциялар жүргізуді орындамауға байланысты болып отыр.
“Мәселен, «Сағыз Петролеум» Компнаи ЖШС Ащыкөл Южный және Тасқұдық кен орындарына, «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» компаниясы филиалының Ақжар кен орнына, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Кеңқияқ надсолевой кен орындарына жүргізілген тексеру қорытындысына сәйкес, жобалық шешімдерді орындамау жайттары анықталды. Жалпы алғанда, тексеру қорытындыларына сәйкес, 910 мың теңгеден астам қаржы көлемінде айыппұл салынып, өндірілді”, - деді Ерен Жекеев.
Қазіргі таңда Ақтөбе облысында көмірсутек шикізатын барлау және өндіру жұмыстарымен 29 компания айналысады. Инспекцияның мәліметтеріне сәйкес, 2015 жылы аймақта 5889,6 млн.текше метр газ бен 6930,9 мың тонна мұнай өндірілді, бұл 2014 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда сәйкесінше23% және 10% пайызға артық.
2015 жылы кен орындарын игеруге салынған инвестиция көлемі 128 106,0 млн. теңгені құрады, қазақстандық мамандарды оқытуға 2246,86 млн.тг жұмсалды, әлеуметтік саланы дамытуға 1226,1 млн.тг қарастырылған.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау