2020-шы жылға қарай отандық мектеп формасы шығару 50%-ға дейін жеткізіледі

1 Сәуір, 2016 17:03
2020-шы жылға қарай Қазақстан мектеп формасы өндірісінің импорт алмастыру көлемін 50-60%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР «Атамекен» ҰКП-ң басқарушы директоры Евгений Больгерт ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда шығып жатқан мектеп формасы бар-жоғы 7%-ды ғана құрап отыр. Ал,бұл форманы жоғары сапада тіге алатын өзіміздің кәсіпорындарымыз жетіп артылады. Бұл дегеніңіз 93% импорт. Негізі өзіміздің отандық кәсіпорындардың әлеуеті жоғары екеніне талқылау барысында көз жеткіздік»,-деді ол.

Сарапшының айтуынша, Қазақстан Республикасында  жыл сайын 2,5 млн. оқушы оқу жылына дайындалады.

«ҚР БҒМ-і біркелкі стандарттағы мектеп формасын енгізу туралы бұйрық қабылдаған болатын. Сондықтан, бұл бұйрық міндетті түрде орындалады және қандай да бір біркелкілік аясында өндірілуі тиіс.  Жылына мектепке  2,5 млн .оқушы барады. Жақсы сападағы форма шамамен 15-20 мың теңге тұрады. Осылайша біз нарыққа теңестірілген 35 млрд.теңгемен шығатын боламыз»,-деп атап өтті Е. Больгерт.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар