- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО оқушылары республикалық «Зерде» конкурсында топ жарды
ОҚО оқушылары республикалық «Зерде» конкурсында топ жарды
Ақмола облысының Щучье қаласында өткен жарыста өңіріміздегі «Төржан» гимназиясы, №1 А.Пушкина атындағы мектеп-гимназиясы, №71 жалпы орта мектебі, З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицей мен №9 мектеп-лицейі, Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп гимназиясы және А.Асқаров ат. №77 мектеп-лицейінің оқушылары математика және әдебиет секциялары бойынша бірінші орынға ие болса, қазақ тілі мен әдебиеті және өлкетану пәндері бойынша екінші орынды иеленді.
Ал физика техника, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау, экология және этномәдениеттану секцияларынан Оңтүстіктің оқушылары үшінші жүлделі орынға лайықты деп табылды.
Конкурсқа Республиканың барлық облыстарынан және республикалық білім ұйымдарынан 500-ге жуық оқушы қатысқан болатын. Оңтүстік Қазақстан облысынан 17 оқушыдан тұратын команда 13 жоба бойынша бағын сынады.
«Ғылыми жоба жарысынан топ жарған оқушыларымыз мұнан соң, республикалық «Балдаурен» оқу–сауықтыру орталығының арнайы орындарында, суға жүзу, ойын, спорт және 3D кино залында болып, «Бурабай-Щучье» аймағы мен Бурабайдың ең көрікті орындары «Оқжетпес», «Жұмбақтас», Абылайхан алаңдарына арнайы саяхат жасап, бір серпіліп, жоғары көңіл-күймен қайтты», - делінген хабарламада.
Айта кету керек, 1-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2005 жылдан бастап өткізіліп келеді.
«Зерде» конкурсының негізгі мақсаты – оқушыларды жастайынан зерттеу жұмыстарына тарту, сонымен қатар, зерттеушілік дағдыларын жетілдіру арқылы олардың интеллектуалдық шығармашылық әлеуетін арттыру, оқушылардың жас кезінен бастап шығармашылық жобалау және зерттеушілік дағдыларын дамыту болып табылады.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
Карантин шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысы цифрландырылды -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Халықты әлеуметтік қолдау: Жұмысшылар құқығы, жұмыспен қамту және осал топтарды қолдау шаралары -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады
-
Елордада «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесуі өтті -
Үшінші тоқсанда бітіруші сынып оқушылары мектепке барады -
«Тәуелсіздіктің жеті қыры» атты фильмдердің топтамасы көрсетілуде