- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облыстық сотында Ашық есік күні өтті
Жамбыл облыстық сотында Ашық есік күні өтті
Жамбыл облыстық сотында өткен «Ашық есік күніне» Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.Абидов, Сот әдебі комиссиясының төрағасы А. Тілепов, Жамбыл облыстық сотының судьясы Ғ. Күлекеев, Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Ә. Құлдүйсенов, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов кездесуді аша келе, облыстық соттың тарихы, Ұлт Жоспарына сәйкес жүзеге асырылып жатқан сот жүйесіндегі жаңашылдықтар, Қазақстанда заңның үстемдігін қамтамасыз ету негізінде әлемдік рейтингтегі көрсеткіштердің жоғарылауы жайында айтты.
Ғ. Күлекеев өз сөзінде жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодекстің қабылдануы, судья лауазымы үміткерлеріне қойылатын біліктілік талаптары жайында мәлімдеді. А.Тілепов Судьялардың әдеп кодексінің негізгі қағидаттары туралы баяндама жасады. Ә. Құлдүйсенов облыс соттарының сот процестерін аудио-бейнетіркеу жүйесімен жабдықтау, «Сот кабинеті» электрондық сервисі, «Төрелік» ақпараттық жүйесі туралы жан-жақты ойларымен бөлісті. Баяндамашылардың пікірінше, бүгінде заманауи бәсекеге қабілетті, білікті мамандарды даярлау мәселесі маңызды болып табылады.
Іс-шара аясында кездесуге келген жастардың көкейлерінде жүрген сұрақтарына судьялар толыққанды жауап беріп, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаудың жолдарын түсіндірді.
«Іс-шараның соңында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының деканы З. Тоқбергенова, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі Х. Сүлейманов өткізілген кездесудің маңыздылығын атап өтіп, өздерінің алғыс сөздерін және ризашылықтарын жеткізе отырып, жастарды тәжірибеге негізделген сапалы заң білімін алуға бағыттаудың маңыздылығына тоқталды», - делінген хабарламада.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда