- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК-нің әскери химиктері Армия ойындары – 2016 сайысына дайындалуда (ФОТО)
ҚР ҚК-нің әскери химиктері Армия ойындары – 2016 сайысына дайындалуда (ФОТО)
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының «Шығыс» полигонында әскери қызметшілер 100 метр қашықтықта орнатылған №8 нысана шеңбері бар кеуде фигурасына дөп тигізуі тиіс еді. Осы жаттығуды орындау кезінде Халықаралық армия ойындары шеңберінде «Қауіпсіз орта – 2016» байқауына тартылатын әскери қызметшілер үздік нәтижелер көрсетті. Ең көп ұпай жинаған сержант Ринат Седых пен Айбек Қожабаев болды.
«Аталмыш сабақтарды қорытындылай отырып, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы ауқымында «Қауіпсіз орта – 2016» байқауының іріктеу кезеңін өткізу қарсаңында әскери қызметшілер үшін бұл атыс даярлығы бойынша қорытынды сабақ болғанын айта кеткіміз келеді», - деп бөлім әскери қызметшілері атап өтті.
Атыс даярлығы Армия халықаралық ойындары шеңберінде өтетін радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері арасында «Қауіпсіз орта» байқауы кезеңдерінің бірі болып табылатынын айта кетейік. ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері бұл байқауға алғаш рет қатысқалы отыр.
Байқауға дайындалу аясында химик әскери қызметшілер барлау-химиялық машиналарда жеке жарысуды, химиялық зақымдау қуат көзін іздеуді, арнайы өңдеуді жүргізу мен атыс-шабуылдау жолағындағы шешуші кезеңді, сондай-ақ эстафета мен атыс даярлығын пысықтайтын болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды