Қостанайда бір ауысымда 300 келушіге арналған онкологиялық емхана ашылды

1 Сәуір, 2016 17:24
Қостанайда облыстық онкологиялық диспансердің консультативтік емханасының ашылуы болды.

Әкімдікте хабарлағандай, аталмыш денсаулық сақтау нысанның құрылысына 2,4 млрд теңге жұмсалды, олардың ішінде 1,2 млрд теңге медициналық жабдықтарды алуға жұмсалды. Мекеме мен жабдықтарға 3 жылдық  кепілдеме берілді.

Бас дәрігер Елік Досжанов айтып өткендей, емхана компьютерлі томографиямен, видеоэндоскопиялық кешендермен, ультрадыбыстық машинаның сарапшы классымен, маммографиялық аппараттармен және басқа да қазіргі заманға сай жабдықтармен жабдықталған.

Облыста 2012 жылдан бастап онкологиялық қызметті қаржыландыру 2,5 есеге ұлғайды және осы жылы ол 2,3 млрд теңгені құрайды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының деректеріне қарай, жыл сайын 130 мыңнан астам адам скринингтік тексеруден өтеді. Соңғы 5 жыл ішінде онкологиялық өлімнен 25 пайызды қысқарту бақыланды.

Емхананың құрылысы қостанайлықтар үшін медициналық көмектің жақсаруын, толық емделу курсын өтуге және қаладан тыс шықпауға септігін тигізеді.

Жаңа онкологиялық емхана бір ауысымда 300 келушіге арналған.

Емхана медицианлық кадрлармен жасақталған, бұл жерде онколог-дәрігерлер қабылдайтын болады, екі бөлімше жұмыс істейді - рентгенді диагностика және эндоскопиялық, сонынмен қатар зертханалар қатары.

«Құрылған онкологиялық емхана онкологиялық көрсеткіштердің оң динамикасын жақсартады. Біз сол үшін жағдай жасауымыз керек, сонымен қатар ауылдық аумақтарға да кадрларды тартуымыз керек»,-деді әкім.

Барлық жаңалықтар