- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында 35,7 мың адам жұмыспен қамтылды
Алматы облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында 35,7 мың адам жұмыспен қамтылды
Аталған басқарманың басшысы Қаныбек Айтжанов өткен жылдың қорытындылары туралы баяндап, жетістіктер мен кемшіліктерді саралады. Оның айтуынша, 2015 жылға арналған Кешенді жоспарға сәйкес Бағдарламамен нысаналы топқа жататын 27708 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Биылғы жылдың 1 қаңтарындағы мәлемет бойынша Бағдарламамен 35786 адам қамтылып, жылдық жоспар 129,2 % орындалды.
«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» шеңберінде үш бағыт бойынша 3536,4 млн. теңге бөлініп, жыл қорытындысы бойынша 1733,7 млн. теңге игерілді. Баяндамашы, сондай-ақ, кәсіптік оқыту, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу, шағын несие алуға үміткерлерді кәсіпкерлік негіздеріне оқыту сияқты бірқатар мәселелердің атқарылу барысы туралы айтып өтті. Осындай жұмыстардың нәтижесінде облыста жұмыссыздық деңгейі 4,7 % құрап отыр. Сонымен қатар әлеуметтік көмек мәселесі де назардан тыс қалмады.
Мұнан кейін баяндамашы келтірген мәліметтер бойынша аудан, қала өкілдері жарыссөзге шықты.
Жиын барысында Қапшағай қаласының жұмыспен қамту ісі аса салғырт қарағаны қатты сынға алынып, облыс әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиев қызметтік міндетін тиісті деңгейде орындамаған жұмыспен қамту ісінің қызметкеріне тиісті шара қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар жиынды қорытындылай келе, жұмыссыздық деңгейі әлі де жоғары күйінде қалып отырған аудан, қалаларда істі ширату керектігін, 2016 жылға межелеген жоспарларды мерзімінде, сапалы орындауды міндеттеп, бұл жұмысты өзінің тікелей қадағалап отыратынын айтты.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары