- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да жыл басынан бері 1,2 млн-нан астам ағаш және гүл көшеттері егілді
ОҚО-да жыл басынан бері 1,2 млн-нан астам ағаш және гүл көшеттері егілді
Облыстағы орталық көшелер мен даңғылдардың бойына, орталық саябақтарға отырғызылған арша, талшын, бозарша, қарағаш және емен сияқты көшеттер аймақ орталығы – Шымкент қаласына отырғызылды.
Атап айтқанда, 35 мың түптен астам жасыл желек көшеттері мен 90 мың дана түп петунья, запырангүл (шафран), катарантус, тагейтис, көпжылдық раушан мен түймедақ гүлдері Бәйдібек би, Д.Қонаев, Республика, Астана даңғылдарының бойы және әкімшілік-іскерлік орталығының маңына егілген. Ал қалған 700 мыңға жуық ағаш көшеттері мен 380 мыңнан астам гүл түптері облыстың аудан, қалаларындағы орталық көшелер мен саябақтарға отырғызылды.
Айта кетейік, жас өскіндерді баптап, суғару жұмыстарын тиісті мамандар қадағалап жатса, өнбей, қурап қалған көшеттер мен гүл тұқымдары мердігер мекемелер есебінен қайта егілуде. Жыл соңына дейін аймақта жасыл желек отырғызу жұмыстары одан әрі де жалғасып, 1 миллионнан астам ағаш пен гүл көшеттері егіледі деп жоспарлануда.
Облыстық энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы басқармасы мамандарының мәліметінше, облыс аумағын көркейту, көгалдандыру шаралары арқылы тұрғылықты халықтың өмір сүруіне, демалуына қолайлы жағдай жасау мақсатында атқарылған жұмыстардың нәтижелері 2015 жылмен салыстырғанда 33 пайызға ұлғаймақ.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді