• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның ауылдарында орталық сумен қамту жүйесіне қосылу бойынша жыл сайын 329 жобаны іске асыру керек - ӨДМ

Қазақстанның ауылдарында орталық сумен қамту жүйесіне қосылу бойынша жыл сайын 329 жобаны іске асыру керек - ӨДМ

19 Қараша, 2013 11:00
Қазақстанда «Ақ бұлақ» бағдарламасының жоспарлы көрсеткішін бағындыру үшін ауылдарда жыл сайын жаңадан 329 орталық сумен қамту жүйесінің жобасы іске қосылуы керек, деп мәлімдеді бүгін Үкімет отырсында Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев.

««Ақ бұлақ» бағдарламасының жоспарлы көрсеткішін бағындыру үшін ауылдарда жыл сайын жаңадан 329 орталық сумен қамту жүйесі жобасы мен 137 суды  бұру  жобасы іске қосылуы керек», - деді министр.

Оның айтуынша, 2014 жылға өңірлерден бар болғаны 89 жаңа құрылыс жобасы ұсынылып, солардың тек 68-і мақұлданған.

Министрдің  мәліметінше, жаңа жобалардың аздығы қайта бағалау, анықтау және жер асты су қорының бұзылуы, магистральды су құбырының жөнделуі мен құрылыстың уақытының кешіктірілуі, сонымен қатар, жергілікті атқарушы билік тарапынан бөлінетін қаржының аздығына байланысты.

Сонымен қатар, 2012 жылы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тарапынан басталмаған 341 ауылды жер асты суымен қамтамасыз ету үшін іздеу-анықтау жұмыстары 2013 жылдың соңында  аяқталмақ. Жұмыстың жүруіне себеп болған бағдарламаға енгізілген түзетулер мен екінші кезеңге мол салмақ түсіре отырып мақсатты индикаторларды азайту.

Биыл жоспарланған 480 ауылдың тек 216-сына жер асты суымен қамтамасыз ету жұмыстары басталған.

«Іздеу-анықтау жұмыстарының кенже қалып жатқаны байқалады. Бұл өз кезегінде «Ақ бұлақ» бағдарламасының жоспарланған көрсеткішке қол жеткізуіне кесірін тигізеді», - деді министр.

Барлық жаңалықтар