- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті
Астанада Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті
Астана қаласының ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова Қоғамдық келісім кеңесін құрудың мақсаты туралы айтып берді, оның қызметінің басты бағыттарын бөліп көрсетті.
Елордалық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Әміржан Әлпейісов бірлестіктің бірінші тоқсандағы қызметінің қорытындысын шығарып, алға қойылған міндеттерге тоқталды.
« Алдымызда үлкен міндеттер тұр. Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты біз де халық пен билік арасындағы көпір болуымыз керек, тек біздің Кеңес жұмыс органы, ол адамдармен жұмыс істейді. Біз өткізген маңызды шаралардың бірі – ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік ел» пойызы. Ол көптеген мәселелерді шешуге ықпал етті. Белсенділер 35 күннің ішінде барша Қазақстанды аралап шықты, түрлі міндеттерді шешуге атсалысты, оның құрамында 300 адам, соның ішінде Қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық қайраткерлер, этномәдени орталықтардың өкілдері және т.б. болған. Шараның қорытындысы бойынша барлық сауалдар Президент Әкімшілігіне жолданды», – деді Ә. Әлпейісов.
Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық келісім кеңесінің елордадағы қызметін белсендіру және оның дамуын институционалдық ынталандыру, алдағы перспективалар анықталды. Әдеттегідей, Кеңес мүшелері қазақстандық қоғамда толеранттылық пен ұлттық бірлікті дамытуға ықпал етеді, Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге Мемлекет басшысы алға қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін бірыңғай тәсілдерді әзірлейтін болады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр