- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы инвесторларды ірі көрме орталығы ретінде қызықтырады
Алматы инвесторларды ірі көрме орталығы ретінде қызықтырады
Көрме ұйымдастырумен айналысатын «ITECA» компаниясы қол қойылған меморандум аясында Алматыда қазақстандық кәсіпорындар мен ірі халықаралық брендтердің қатысуымен 23 арнайы көрмелер мен конференци ялар ұйымдастырады. Өйткені, мұндай шаралар Алматының халықаралық танымалдығы мен инвестициялық тартымдылығын арттырып, отандық кәсіпорындардың экспорттық потенциалын нығайтады.
«Жүргізілген статистик аға сәйкес қалада қалыптасқан қолайлы жағдайлардың арқасында Алматы ірі шетелдік компаниялар үшін барынша тартымды болуда. Олар - инвесторларға қызмет көрсету орталықтары және әкімшілік кедергілердің төмен болуы. Сондықтан инвесторлар біз ұйымдастырған көрмелерге жиі келіп, Алматының мүмкіндіктеріне қызығушылық білдіруде», - деді Ю.Бородихин.
Бұдан өзге, халықаралық көрмелерді ұйымдастыру мегаполистің туристік потенциалын арттырады. Атап өтерлік жайт, Алматы қаласының әкімдігі мен «Forum Eurasia» компаниясы арасындағы меморандум аясында Медеу ауданында салынатын сауық- сайран паркі туристерді көп тартатын Орта Азиядағы ең ірі орталыққа айналады. Сауық- сайран саябағынан өзге сауда және салтанат кешендері салынады. Осы жобалар 2020 жылы жүзеге асқан кезде бұларда 2000 жуық адам жұмыс істейтін болады.
Сонымен қатар, Алматы мен «Tamos Education» компаниясы арасында ынтымақтастық арта түсуде. Компаниямен бірге қол қойылған меморандум аясында Бостандық ауданында білім кешені салынып, оның құрамында 1200 орынды лингвистикалық гимназия, 100 орынды интернат, 1000 орынды физика-математика мектебі, 200 орынды бала бақша және оқушылар мен мұғалімдер үшін жатақхана бой көтереді.
Қала әкімдігі хабарлағандай, жасалған меморандумдардың жалпы құны 48 миллиард теңгеден асады.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары