• Басты
  • Жаңалықтар
  • Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО мемлекеттерінің көлік саясатының негізгі бағыттарын қарастырды

Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО мемлекеттерінің көлік саясатының негізгі бағыттарын қарастырды

1 Сәуір, 2016 12:43
Бішкекте Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфроқұрылым жөніндегі Коллегия Мүшесі Данил Ибраевтың төрағалығымен көлік және инфроқұрылым консультативтік комитетінің отырысы өтті. Онда Одақ мемлекеттерінің көлік саясатының негізгі бағыттары туралы Еуразиялық экономикалық одақтың бағдарламалық құжатының дайындығы қаралды.

Аталмыш іс-шараға комитет мүшелері, құзіретті мемлекеттік орган өкілдері, срапшылар қоғамдастығы, ғылыми ұйымдар қатысты, деп хабарлады комиссияның баспасөз қызметі.

Отырыс барысында көлік саясатын кезең-кезеңімен жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

«Талқылау барысында еуразиялық экономикалық бірігу мен Жібек жолы Экономикалық белдеуін түйістіру бастамасы арқылы көлік саласына қатысты жергілікті бірлескен жобалар мен инфроқұрылымдарды құру ұсынылды. Ондағы негізгі мақсат: Одақтың көлік кеңістігінде біріңғай жүйе құру»,-делінген хабарламада.

Д.Ибраевтың көлік және инфроқұрылым консультативтік комитеті жанынан көлік саласы бойынша  Ғылыми-сараптамалық кеңес құру керектігі туралы ұсынысы қолдау тапты. Комитет мүшелері дәл осындай орган құру тиімді жұмыс жүргізуді қамтамасыз ететінін атап өтті.

Барлық жаңалықтар