Жамбыл облысында ас тұзын өндіретін зауыт құрылысы жүргізілуде

1 Сәуір, 2016 10:17
Жамбыл облысында ас тұзын өндіретін зауыт құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірілік филиалында өткен брифингте Жамбыл облысы, Сарысу ауданының әкімі Жайлыбаев Бейбітбек Шындалыұлы хабарлады.

«Асыл тұз компаниясы» кәсіпорнының ас тұзын өндіру зауыты. Салынатын инвестициялық қаржы – 422,1 млн. теңге. 75 жаңа жұмыс орны ашылып, жылына 50,0 мың тонна ас тұзын даярлайды.  Зауыттың құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар осы екі жобамен шектеліп қалмай ауданға инвестициялық жобаларды іздестіріп, оны өндіріске енгізу жұмыстары жалғасуда: Аудан аумағындағы тұз кендеріндегі ащы суларды пайдалану негізінде химиялық қоспасы бар құбыр мен үй асханасында қолданатын тазартқыштар шығаруды  жоспарланған жобаның құны 230,0 млн. теңгені құрайды. «Қазақсода» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  жылына 400,0 мың тонна кальций содасын өндіретін зауыт жобасы. Жобаның жалпы құны 250 млн. АҚШ долларын құрап, 250-300 адамға жұмыс орыны ашылады. Бұл жобалармен бірге азық-түлікпен қамту, жұмысшыларға арнайы киім тігу, көлік және басқа қызмет түрлері қарқынды дамитын болады»,- деді Б.Жайлыбаев. 

Барлық жаңалықтар