- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев отандық әуежайларды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Б.Сағынтаев отандық әуежайларды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Қазіргі таңда республикада 20 әуежай жұмыс жасайды. Олардың 12-сі мемлекеттік әуежайлар (8-і «Airport Management Group» ЖШС сенімді басқаруында), 6-уы - жеке меншікте, концессияда - 2.2015 жылы әуежайлар шамамен 12 млн жолаушыға қызмет көрсетті. Қазақстаннан 87 бағыт бойынша халықаралық тасымалдар орындалады. Оларды 2 қазақстандық («Эйр Астана» мен «СКАТ») және шетел әуе тасымалдаушылары жүзеге асырады. Ішкі әуе рейстерін 42 бағыт бойынша 6 қазақстандық әуе компаниясы орындайды.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстанның 13 әуежайында жалпы 97 млрд теңге сомаға қайта жөндеу жүргізілді. Бұдан өзге, 2015 жылдың қаңтарында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Астана қаласындағы әуежайдың жолаушылар терминалының құрылысы басталды. Жобада қазіргі терминалды кеңейту және өткізу қабілетін жылына 7 млн жолаушыға жеткізу қарастырылған.
Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев жауапты мемлекеттік органдарға және әуежай басшыларына авиациялық қауіпсіздік мәселелеріне баса назар аударуды, атап айтқанда, жолаушылар терминалдарында заманауи тексермелеу жабдықтарын орнатуды тапсырды. Арнайы техникамен (өртке қарсы машиналар, қар күрейтін және мұздануға қарсы техника, басқыштар) жабдықтауға да айрықша көңіл бөлінуі керек.
Бұдан өзге, әуежайлар қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру, менеджмент деңгейін арттыру, дамытуға қаражат тартудың жаңа көздерін іздеу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері