- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да «25 пайдалы іс» қайырымдылық акциясы өтті
ОҚО-да «25 пайдалы іс» қайырымдылық акциясы өтті
ОҚО әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері облыстық психоневрологиялық интернатына барып, балаларға арналған демалыс бөлмелерін жабдықтауға атсалысып, балаларға базарлық жасады.
Атап айтқанда, акцияға қатысушылар ондағы екі демалыс бөлмесіне жиһаз жасатып, толықтай жабдықтауға 450 мың теңгенің сертификатын табыстаса, балаларға ойыншықтар мен киімдер, кілем, жөргек заттары мен кітаптар таратып, барлығы 1 млн.ға жуық теңгенің көмегі көрсетілді. Комиссия мүшелері, мұнан бөлек, интернаттың жазғы уақыттағы абаттандыру жұмыстарына да қол ұшын созбақ. Ал мекемеде емделетін балалардың облыстың көрікті жерлерін аралауы үшін облыстық жас туристер станциясының ұжымы көмек көрсететін болды.
Айта кетейік, іргетасы 1967 жылы қаланған облыстық психоневрологиялық интернатында 1,5 – 18 жас аралығындағы психоневрологиялық аурулары бар мүмкіндігі шектеулі балалар емделеді. Онда науқастарға арнаулы қызметтердің 8 түрі көрсетіледі.
Жалпы, «25 пайдалы іс» қайырымдылық акциясы бастауын алғалы облыстың барлық аудан, қалаларында аталған шара жалғасын тауып, оған 3,5 мың адам қатысты. Жыл соңына дейін мұндай қайырымдылық акциялары жалғасын тауып, ұйымдастырылады деп күтілуде.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті -
Елордада «Абай» альбомының тұсаукесері өтті -
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті -
Елордада Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай ғылыми конференция өтті -
Елордада «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесуі өтті