• Басты
  • Жаңалықтар
  • Созақта инвестиция құны 400 млн. теңге болатын мал бордақылау кешені салынады

Созақта инвестиция құны 400 млн. теңге болатын мал бордақылау кешені салынады

1 Сәуір, 2016 10:32
Созақта инвестиция құны 400 млн. теңге болатын мал бордақылау кешені салынады. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Созақ ауданының әкімі Мақсат Исаев айтты.

Онда ол ҚР Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы мен ауданның әлеуметтік-экономикалық  дамуы туралы баяндады.  Мәселен, ауданда асыл тұқымды ірі қара мал басын өсіру мен мал өнімін өңдеу цехы салынбақ.  Бұл жұмыстарға «Катко» біріккен кәсіпорны 400 млн. теңге көлемінде инвестиция құятын болады.

«Бұл жоба «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда. Құрылысы таяу арада басталатын жоба аудан экономикасына серпін беріп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту жоспарлануда. Сонымен қатар, ауданда түйе сүтін өндіретін кооператив құруды көздеп отырмыз. Қазіргі таңда, цех орналасатын ғимарат белгіленіп, несие алуға қойылатын кепіл құжаттар мен кооперативтің жарғысы дайындалуда», - деді М.Исаев.

Айта кететін жайт, ауданда мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында мектеп пен балабақша салуды да жоспарлануда.

Сонымен қатар, брифингте аудан басшысыөткен жылғы негізгі көрсеткіштеріне тоқталып өтті. Оның айтуынша, өткен жылы ауданда  жалпы өңірлік өнім көлемі 224 млрд. 646 млн. теңгені құраған. Оның ішінде: өнеркәсіп саласының үлесі 204 млрд. 19 млн. теңгені,  ауыл шаруашылық саласының үлесі 9 млрд. 31 млн. теңге, құрылыс саласының үлесі 10 млрд. 303 млн. теңгені құрайды.  Ал аудан экономикасына 46 млрд. 149 млн. теңге инвестиция тартылған. 

Барлық жаңалықтар