ҚР ҚОҚМ Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі болып қайта құрылды

19 Қараша, 2013 10:35
ҚР-ның Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі болып қайта құрылды, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру бойынша ҚР Президентінің 2013 29 қазанында шыққан Жарлығы бойынша қоршаған ортаны қорғау министрлігінің атауы өзгертілген болатын. Ол қазір қоршаған орта және су ресурстары министрлігі болып қайта құрылды», - делінген хабарламада.

Министрлікке мемлекеттік саясат бойынша мына қызметтер жүктелді:

1)Су қолданушыларын сумен қамтамасыз етіп, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жерінен гидромелиорация арқылы су өткізу;

2) жер асты суларын кешенді пайдалану, геологиялық қазба байлықтарын игеруді жүзеге асырмай, тек жер асты суларын пайдалану;

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың су ресурстарына өзгету шешімі бір мемлекеттік органда су кешенінің қызметіне байланысты жүйенің болмауы.

Сондай-ақ, мемлекеттік органның статусын көтеру үшін министрлік деңгейінде кешенді және интеграциялы бағыт алуға мүмкіндік береді.

Хабарламада нақтыланғандай, министрліктің жаңа атауы өзгертілген министрліктің барлық қызметтерін атқарады. Ол экономикалық өсуге және қоршаған орта жағдайының жақсаруына өз септігін тигізеді. Өз кезегінде, бұл  Қазақстанның «жасыл» өсуге көшкенінің тұрақтылығын байқатады. 

Барлық жаңалықтар