- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да «Болашақ» байқауына қатысатын қызметкерлердің санаттары анықталды
ҚР-да «Болашақ» байқауына қатысатын қызметкерлердің санаттары анықталды
Жиынды ашқан Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында ел экономикасын әртараптандыру және индустрияландыру үшін дағдарысқа қарсы шаралар мен құрылымдық өзгерістерді іске асыру аясындағы мемлекеттік міндеттерді орындауға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау жүйесін барынша дамытуды тапсырғанын атап өтті.
Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы «Болашақ» стипендиясының Ұлт жоспарында айқындалған міндеттер бойынша халықаралық санаттағы отандық кәсіпқойлар шоғырын қалыптастыру үдерісінде жетекші рөл алатынын айтты.
Бұл ретте конкурстық іріктеу сапасын жетілдіру бағытындағы іс-шаралар өткізілді. 2016 жылдан бастап стипендия алуға үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілді. Шет тілін білу деңгейіне, дипломының орташа балына, жұмыс өтіліне қатысты өзгерістер енгізілді. 163 позициядан тұратын басымдығы бар мамандықтар тізбесі жаңартылды, оның 41%-ы инженерлік-техникалық мамандарды даярлауға бағытталған. Университеттік рейтингтерде 100-інші және пәндік рейтингтерде 10-шы орын алатын шетелдік жоғары оқу орындардың жаңа тізімі жасақталды.
Комиссия отырысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жобалары үшін мақсатты тапсырыстар бойынша мамандар даярлауға бағытталған тағылымдама бағдарламасы арқылы Президенттің «Болашақ» халықаралық стипендиясы конкурсына қатысатын қызметкерлер санаты анықталды.
Отырысты қорытындылаған Мемлекеттік хатшы «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру тетігінің тиімділігін одан әрі жетілдіру және арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
-
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
«Болашақ» бағдарламасына құжат тапсыру мерзімі мен жаңа талаптар -
«Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілер қатары артты -
А. Цой: Қазақстанда COVID-19-дың жаңа үш штамы анықталды -
COVID-19 әлемде: Францияда коронавирустың жаңа штамы анықталды, АҚШ-та антиденелері бар сәби дүниеге келді -
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті -
Қазақстанның халық партиясы сайлауға қатысатын кандидаттар тізімін жариялады -
Қазақстанда осы жылы 1950 заңсыз есірткі сату фактісі анықталды -
Astana Hub: TechHub.kz платформасын әзірлеу бойынша конкурстың жеңімпаздары анықталды -
Жолдау-2020: Мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқарту қалай жүзеге асады -
2020 жылы «Болашақ» стипендиаты атанғысы келетін үміткерлер нені білуі тиіс -
Журналистерге арналған "Аманат" және "Туған ел" байқауының жеңімпаздары анықталды -
Үздік мемлекеттік қызметшілер анықталды -
Алматы облысы әкімінен covid-19 анықталды