• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: Биыл Жамбыл облысында 640,0 мың тонна фосфор өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр

ИИДМБ: Биыл Жамбыл облысында 640,0 мың тонна фосфор өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр

31 Наурыз, 2016 18:29
Биыл Жамбыл облысында 640,0 мың тонна фосфор өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірілік филиалында өткен брифингте Жамбыл облысы, Сарысу ауданының әкімі Жайлыбаев Бейбітбек Шындалыұлы айтты.

«Индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен жалпыұлттық телекөпір арқылы үлкен жоба «ЕвроХим-Тыңайтқыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тау-кен өндеу кешені іске қосылды.

Бұл кәсіпорын 2015 жылы 319,8 мың тонна өнім өндірді, биыл  640,0 мың тонна фосфор өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр. Осы жылдың   2 айында 53,8 мың тонна өнім өндірді (добыча-38,0 тыс тн, пр-ва ф/муки- 15,8 тыс тн). Өндірілген өнімнен  Еврохим БМУ – ға (Россия) 20,9 мың тонна, Белоруссияға (Гомель химзавод) – 3,5 мың тоннасы жөнелтілді.  2016 жылы  Россияға 350,0 мың тонна фосфор ұны жіберілетін болады.

Сонымен қатар «ЕвроХим-Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Жаңатас қаласындағы фосфаттарды қайта өңдейтін химиялық кешен (2 кезең)» құрылысын жүргізуде. Кешен 2019-2020 жылдары іске қосылады. Жобаның құны – 950,0 млн. АҚШ доллары»,- деді спикер.

 

Барлық жаңалықтар