• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Қазақстан Халықаралық теңіз ұйымының «Ақ тізіміне» кіруге өтініш жолдады

Қазақстан Қазақстан Халықаралық теңіз ұйымының «Ақ тізіміне» кіруге өтініш жолдады

31 Наурыз, 2016 19:52
Қазақстан Халықаралық теңіз ұйымының (ИМО) «Ақ тізіміне» кіруге өтініш жолдады. Нормативтік-құқықтық актілері, оқу бағдармалары және басқа да қажетті құжаттар пакеті қоса берілді, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.

Осы мақсатта Теңізшілерді даярлау, оларға диплом беру және вахта жұмысын атқару туралы халықаралық конвенцияның ережелерін орындау аясында ұлттық нормативтік-құқықтық база қалыптастырылды.

ИМО-ның «Ақ тізіміне» кіру қазақстандық теңізшілердің кәсіби дипломдарын басқа мемлекеттермен танылуын қамтамасыз етеді.

 

Барлық жаңалықтар