• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚМГ ДК 2016 жылғы бюджетке түзетуді мұнайға орташа жылдық 30 АҚШ доллары мөлшерінде бекітті

ҚМГ ДК 2016 жылғы бюджетке түзетуді мұнайға орташа жылдық 30 АҚШ доллары мөлшерінде бекітті

31 Наурыз, 2016 18:43
«ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру»АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») Директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Отырыс барысында Директорлар кеңесі 2016 жылға арналған бюджетке түзетуді бекітті, 2015 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд мөлшерін ұсынды және 2016 жылдың 24 мамырына белгіленген акционерлердің жылдық жалпы жиналысының («АЖЖЖ») күн тәртібін бекітті, деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Директорлар кеңесі 2016 жылға арналған бюджетке түзетуді мұнайға орташа жылдық баға болжамымен Брент сұрыбына баррелі үшін 30 АҚШ доллары мөлшерінде және бір АҚШ доллары үшін 360 теңге орташа жылдық бағамымен бекітті. 2016 жылға арналған бюджет сондай-ақ 2016 жылдың 1-наурызынан бастап мұнайдың Брент сұрыбына баға мұнайға экспорттық кеден салығы ставкасын таңуын қарастырады.

«ҚМГ ҰК және Директорлар кеңесімен бірнеше келіссөздер және кеңесулерден соң ҚМГ БӨ басшылығы 2016 жылдың сәуірінен бастап мұнай өнімдерін сатумен байланысты мұнай процессингінің дербес схемасына өту туралы шешім қабылдады. ҚМГ БӨ директорлар кеңесі бұл шешімді қолдады. Процессинг схемасына өтуге байланысты өзгерістер де бекітілген 2016 жылдың бюджетінде көрсетілген», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта таза нетбэктер негізінде жаңа дербес процессинг схемасы бойынша 2016 жылдың алғашқы үш айы үшін жеткізілімдер туралы аралық баға жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Бекітілген бюджет және 2016-2020 жж. бизнес-жоспар Компанияның қызмет көрсеткішін жақсарту мақсатында қосымша пысықталатын болады.

 

 

Барлық жаңалықтар