• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚТЖ кәсіпорындары 2015 жылы қоршаған ортаны ластайтын зиянды қалдықтарды 1,5 пайызға тоннаға азайтты

ҚТЖ кәсіпорындары 2015 жылы қоршаған ортаны ластайтын зиянды қалдықтарды 1,5 пайызға тоннаға азайтты

31 Наурыз, 2016 17:59
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ кәсіпорындары 2015 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда қоршаған ортаны ластайтын зиянды қалдықтарды (1,5 процент) мыңдаған тоннаға азайтты, деп хабарлады Ұлттық компания.

Қоршаған ортаны ластайтын зиянды қалдықтарды азайту ісі – сұйық және қатты отындарды, жанар-жағармайларды тұтыну, су көздерін қазіргі заманғы тазалау қондырғыларымен жабдықтау, табиғатты қорғау нысандарын жаңғырту, экологиялық нормативтік құжаттарды әзірлеу арқылы мүмкін болды.

«Қостанай-теміржолсу» ЖШС-ының жылу қазандығына шаң және газ тазалау қондырғысы орнатылды. «Локомотив» АҚ мұнаймен ластанған топырақ қабатын арнайы биологиялық қоспамен өңдейді. Ақжайық станциясында жол бөлімшесінің ғимараты мен машиналық есептеу станциясы дренаждық жүйесі күрделі жөндеуден өткізілді. Шығыс Қазақстан жол бөлімшесінің Қазиев станциясы электрлендірілген жылу жүйесіне көшірілді. Қостанай станциясындағы локомотив техникалық қызмет көрсету бекетінде кәріздік жүйеде құм, мұнай қалдықтарын тұтып қалатын қондырғы орнатылды.  Осы шараларға байланысты өткен жылы 2014 жылмен салыстырғанда, қоршаған ортаны ластауға қатысты салынған айыппұлдар көлемі 36 пайызға төмендеді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ экологиялық шараларға қатысты халықаралық және мемлекетаралық жобаларға белсенді қатысып келеді. Мәселен,  2015 жылы «РТЖ» ААҚ жанынан темір жол көлігі саласындағы экологиялық қауіпсіздік сақтаудың Халықаралық орталығымен тығыз жұмыс жасайды. Бұл орталық Ресей ғана емес Армения, Эстония, Қырғызстанның да теміржолшыларын біріктіреді. Сондай-ақ 2015 жылы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің темір жол әкімшіліктері арасында Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі серіктестіктің келісімі бекітілді.

Сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ Темір жол көлігі халықаралық одағы аясындағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ортақ құжаттардың талаптарын мүлтіксіз сақтап келеді. Оның ішінде қоршаған ортаға көмір қышқыл газдарын шығаруды төмендетудің «Парижге бет алған пойыз» ғаламдық науқандық шараның қорытындысы бойынша қабылданды.

 

 

Барлық жаңалықтар