• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақ-венгр инвестициялық қоры қазақстандық және шетелдік инвесторлардан шамамен 100 млн долларды тартуды жоспарлап отыр

Қазақ-венгр инвестициялық қоры қазақстандық және шетелдік инвесторлардан шамамен 100 млн долларды тартуды жоспарлап отыр

31 Наурыз, 2016 15:51
Астанада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі,сонымен бірге екі жақты дипкорпус өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Венгр қорының Консультативтік кеңестің бірінші отырысы өтті. Оның қортыныдысында бірлескен коммюнике қабылданды. Құжатқа «ҚазАгро» холдингінің төрағасы Нұрлыбек Малелов және Венргияның «Эксимбанк» бас директорының орынбасары Андраш Пушкаш қол қойды.

Қазақ-Венгр қорының бастапқы капиталы 40 млн долларды құрады. Осымен қатар, қор қазақстандық және шетелдік инвесторлардан қосымша 100 млн долларды тартуды жоспарлап отыр. Қор қазақстандық агро кешендерге және тамақ өнеркәсібіне инвестиция жасайтын болады.

«Бүгін жұмыс күнінің жартысысы ойдағыдай өтті, Қазақ-венгр инвестициялық қордың консультативтік кеңесінің алғашқы отырысы болды. Қазақстандықтар үшін бұл аса маңызды шара. ҚР Премьер-министрінің келуі аясында өткен жылы Венгрияда және Қазақстан-Венгр тарапынан бірлескен инвестициялық қорды ұйымдастыру бойынша айтарлықтар жұмыстар  жүргізілді. Жақында біз сол қордың қалыптасқанына куә болдық және бүгінгі күні оның жұмысты бастағынын көріп отырмыз. Қорды құру қазақ-венгр қарым-қатынасын нығайтуға септігін тигізеді, ол жерде үлкен мүмкіндіктер бар»,-деді ауыл шаруашылығының министрі Асылжан Мамытбеков.

Сонымен қатар, ведомство бастығы қорды құру технологиялырды, инвестицияларды венгр жағымен транферттеуге септігін тигізетіндігін атап өтті.

«Сондай-ақ, технологиялар трансферті алаң жасау үшін ғана емес, сонымен бірге ауыл шаруашылығы басқармасында тәжірибе алуға, мысалы үшін кеңестер, білім, ғылыми зерттеулер және басқа да бағыттар және оның барлығы біздің елде үлкен сұранысқа ие»,-деді ол.

Министр қазақстанда аграрлық сектор салалық инвестициялық тартымды болып келе жатқандығы айтты. Сол себепті қорды құру актуальді және маңызды қадам болып саналады.   

«Бұл тек саясат мәселесі ғана емес, ендігі кезде экономикалық және инвестициялық тартымдылық болып табылады. Менің ойымша, бұл қор жемісті болады және алғашқы қадамдарымен  Қазақстанның аграрлық секторына үлкен инвестицияны жұмылдырады»,-деді ол.

Айта кетейік, қолайлы инвестициялық ахуал құру еліміздің ауыл шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру ықпал етеді. 2015 жылы аграрлық сектордың инвестиция көлемі 167 млрд теңгені құрады. Азық-түлік өнеркәсібінің негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 28 пайызға өсті және 55,9 млрд теңгені құрады.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар