- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Жастар жалыны - 2016» шығармашылық фестивалі өтеді
Астанада «Жастар жалыны - 2016» шығармашылық фестивалі өтеді
Алғашқы «Жастар жалыны» фестивалі 2013 жылы ұйымдастырылған болатын. Оған Астанадағы барлық оқу орындарынан жүздеген дарынды студент қатысты. Сол сәттен бастап көктем мен достық мерекесін өткізу дәстүрге айналды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бүгінде қалалық ЖОО-лар мен колледждерде шығармашылық атмосфера орнады, креативті идеялар ұсынылып, номерлер мен қойылымдар әзірленуде, костюмдер тігіліп жатыр. «Жастар жалыны» фестивалінің ашылуы 8 сәуірде өтеді. Биыл шығармашылық фестиваль ерекше салтанатты форматта өтеді және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады.
«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының жастар жобалары бөлімінің сарапшысы Зүлфира Арықбаеваның айтуынша, биыл шараға біраз жаңашылдықтар енгізілген. Бұрынғы алты номинацияға «Үздік волонтерлық жоба», «Авторлық оқу», «Что? Где? Когда?» интеллектуалды ойыны, сондай-ақ, «Квест» шытырман ойыны қосылды.
«Бұл жолы фестиваль кеңейді, жастар шығармашылық және зияткерлік бағыттардағы сайыстарға қатысады. Биыл шараға қатысушылар саны артады деп ойлаймыз», – деді З. Арықбаева.
-
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады -
Президент тапсырмасы: Спорт және балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау бойынша қандай іс-шаралар іске асты -
Жұмыспен қамту шаралары: «Еңбек» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы қалай іске асып жатыр -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
Елордада «Жамбылмен бірге жырлайық» шығармашылық байқауы қорытындыланды -
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді -
Covid-19 әлемде: Англияда рождество мерекесі локдаунда өтеді, Италияда бүкілхалықтық локдаун