Қостанайда БЖК-2020 аясында 250 орындық балабақша ашылды

1 Сәуір, 2016 09:43
Қостанайда БЖК-2020 аясында 250 орындық балабақша ашылды, деп хабарлайды «Даму» қоры.

Инна Кусакпаева 2014 жылы «Даму» қорында кәсіп бастаушыларға арналған курстан өткен болатын. Ол кейіннен «Мемтепке дейінгі Ақ желкен балалар мекемес» ЖШС-н ашты. Алған несиесі сол балабақшаға жиһаз, техника алуға, асханасына және тағы басқа қаджеттіліктерге жұмсалды.

Айта кету керек, қазіргі балабақша ғимараты бұрын да балабақша болған екен. Тіпті оның алдында қалалық әскери комиссариаттың ғимараты болған көрінеді.

«Ғимарат өте қиын жағдайда болған. Біз өз қаражатымызбен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, балабақшаны барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз еттік. Біздің жоба ведомстволарға қарасты балабақша ғимараттарын қайта қалпына келтіру мақсатындағы саясатты іске асыру тұрғысынан мемлекеттік-жекеменшік серіктестік формасында жүзеге асып отыр. Бұл жерде айта кетерлігі, жеке кәсіпкер өз қаражатына балабақшаны жөндейді, ал білім басқармасы мемлекеттік тапсырыс бойынша балаларды орналастырады»,-деп атап өтті балабақша директоры И.Кусакпаева.

Оның айтуынша, балабақшадағы орын 200 балаға арналған. Ең көп дегенде 250 баланы орналастыруға болады. Балалар жас ерекшеліктеріне қарай әр топқа бөлінеді. Ол топтар электронды үкімет қызметі арқылы мемлекеттік квоталық тізіммен келген және ата-аналардың тікелей келісімімен келген балалар.

Балабақша қызметіне баларды оқыту, сөйлей білуді үйреті, балаларды зияткерлік тұрғыда дамыту, қазақ және ағылшын тілдерін үйрету, мектепке дайындық, музыка сабағын жүргізу, спорттық сабақтар, логопед, хореография, сонымен қатар стандартқа сай тамақтандыру кіреді. 

Барлық жаңалықтар