- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде соңғы 3 жылда 81 автожол нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілген
Ақтөбеде соңғы 3 жылда 81 автожол нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілген
31 Наурыз, 2016 15:39
Ақтөбеде соңғы 3 жылда 81 автожол нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұл туралы автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы бөлімінің бастығы Нағымжан Алдияр «Ақтөбе ақпарат» ақпарат орталығында өткен брифингте хабарлады.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта облыс орталығында 537 көше бар, жалпы автожол жүйесі 621 шақырымды құрайды. Оның ішіндегі асфалт-бетон жабыны бар жолдар 266,4 шақырым(42,9 %).
«Соңғы 3 жылда күрделі жөндеу жұмыстары мен қайта құруға және облыс орталығының жол құрылысын жүргізуге 7,4 млрд. теңге бөлінген. Осы қаржыға 81 нысанды жөндеу мүмкін болды»,-дейді Н. Алдияр.
Автожолдарды жөндеумен қатар, тұрғын үй алабтарының көшелері кеңейтіліп, жаяу жүргіншілердің жолдары да абаттандырылды. 13 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жарықтандыру да қоса атқарылған.
Ақтөбе автожолдарын жөндеуге 2016 жылы 1,5 млрд. теңге бөлінді. Оның 554 млн. теңгесі 2015 жылы басталған өтпелі 8 нысанның жұмысын аяқтауға жұмсалмақ.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жалған вакцина төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын анықтау жұмыстары қалай жүруде -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Жыл басынан бері 816 мыңнан астам адам АӘК алды -
Өзен суымен қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүріп жатыр