«Болашақ» қауымдастығы Астанада форсайт-болжау семинарын өткізеді

19 Қараша, 2013 10:09
«Болашақ» қауымдастығы Астанада «Қазақстан-2050. Даму сахнасы» атты форсайт-болжау семинарын өткізеді, деп хабарлайды қауымдастықтың баспасөз қызметі.

«Семинардың басты мақсаты – форсайт, төл жобалар мен бизнес идеяларды дамыту және жоспар құру, сонымен қатар сараптамалық жұмыстар мен жоспарлаудың алдыңғы қатарлы әдістемесі арқылы білім беру секілді зерттеу әдістемелерін анықтау», - делінген хабарламада.

Шараға жас мамандар, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, үкіметтік емес ұйымдар мен студенттер қатыса алады.

Хабарламада айтылғандай, «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры Жанна Төлегенова, «Инновация» ЖШС президенті, инновациялық технологиялар мен интеллектуалды меншік маманы Евгений Петухов, «Enterra» тренинг орталығының жетекшісі, психолог-жаттықтырушы Людмила Бурлаченко және де экономист-студенттердің арасында өткізілген «Жас Сарапшы 2013» республикалық байқауының финалистері қатыспақ.

 

Барлық жаңалықтар