- Басты
- Жаңалықтар
- Сот жюриінің біліктілік комиссиясы жұмыс істеп жүрген судьялардың кәсіби қызметін бағалады
Сот жюриінің біліктілік комиссиясы жұмыс істеп жүрген судьялардың кәсіби қызметін бағалады
Судьялардың кәсіби білімі, жұмыс сапасы мен тәжірибесі ұсынылған құжаттар мен материалдық және процестік заңнама сұрақтары бойынша білімдерін тексеру, сот әдебін сақтауы, соттар жұмысын ұйымдастыруы негізінде анықталды.
Мұндай бағалауға судьялық жұмыс өтілі 5 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімді құрайтын судьялар қатысты.
Елордадағы жұмыс істеп жүрген 78 судьяның 73-і – атқарып отырған лауазымына лайықты деп танылды, 5 судьяға біліктілігін арттыру және жыл соңына дейін кәсіби қызметіне бағалаудан қайта өту жөнінде ұсыным берілді.
Біліктілік комиссиясының мүшелері Астана қаласының соты мен Алматы аудандық соты судьяларының қолданыстағы заңнама бойынша білім деңгейлерінің жоғары екендігін атап өтті.
Ағымдағы жылдың 4-29 наурыз аралығында біліктілік комиссиясы жоғарғы сатыдағы судья және аудандық сот төрағасы лауазымына жарияланған конкурсқа қатысуға ниет білдірген судьялардың кәсіби қызметін бағалау бойынша жеті отырыс өткізді.
Келіп түскен 187 өтініш бойынша 133 судьяға жоғарғы сатыдағы судья және аудандық сот төрағасы лауазымына жарияланған конкурсқа қатысуға оң сипаттағы ұсыным берілсе, 27 судьяға ұсыным беруден бас тартылды.
Еске сала кетейік, Сот жюриі институтының қызметі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 19-қадамын іске асыру мақсатында реформаланды.
А.ж. 15 қаңтарда Жоғарғы Соттың жалпы отырысында Сот жюриінің жаңа құрамы сайланды. Бұдан былай Сот жюриі біліктілік және тәртіптік бағыттағы екі дербес комиссиядан тұрады. Біліктілік комиссиясының құрамы облыстық соттардың екі судьясынан, Жоғарғы Соттың екі судьясынан және отставкадағы үш судьядан, барлығы 7 адамнан тұрады, тәртіптік комиссияның құрамына аудандық соттардың үш судьясы, облыстық соттардың үш судьясы және Жоғарғы Соттың үш судьясы, барлығы тоғыз адам мүше болып табылады.
Енді Сот жюриінің біліктілік комиссиясы жұмыс істеп жүрген судьялардың кәсіби қызметіне баға беруге құқылы.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде