- Басты
- Жаңалықтар
- Көктемгі шақыру шеңберінде орта білімі бар шақырылушыларға ерекше назар аударылады
Көктемгі шақыру шеңберінде орта білімі бар шақырылушыларға ерекше назар аударылады
«Әрбір шақыру науқанының өзіндік ерекшеліктері болады. Көктемде орта-арнаулы және орта білімі бар бозбалалар шақырылады. Себебі, Қарулы Күштер мен басқа да әскерлерге заманауи қару-жарақ пен әскери техника келіп түседі. Оларға қызмет көрсету қажет, функционалдық міндеттерді орындау үшін дайындалған мамандар керек. Дайындық жұмысы барысында шақырылушыларды зерделеу, алдын ала медициналық комиссия жүргізіледі. Осы жұмыс негізінде шақырылушылардың тізімі жасалады», - деді ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Амантай Үсербаев.
2016 жылғы қаңтар мен наурыз айы аралығында Қазақстан бойынша шақыру учаскелеріне 1999 жылы туылған 100 мыңға тарта азамат тіркелгенін естеріңізге сала кетейік.
Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, мектеп-интернаттарының шәкірттері мен жетім балаларға, сондай-ақ көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына, әсіресе, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусына ерекше көңіл аударылды. Қазіргі уақытта 2 мыңға жуық адам Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына түсуге ниет білдіріп отыр.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр