• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Мұсатаев: ЕО кеңейтілген сауда ЕАЭО елдерінде тауар айналымының өсуін қалпына келтіруге көмектеседі

М.Мұсатаев: ЕО кеңейтілген сауда ЕАЭО елдерінде тауар айналымының өсуін қалпына келтіруге көмектеседі

31 Наурыз, 2016 11:14
Еуропалық аймақ және көрші мемлекеттермен кеңейтілген сауда-экономикалық қарым-қатынас дағдарыс кезінде де ЕАЭО-ға жыл сайынғы тауа айнылымының өсуін әкеледі, деп «Еуразия» ғылыми орталығының директоры Марат Мұсатаев ойлайды. Бұл туралы сарапшы Л.Н.Гумелев атындағы ЕҰУ-да өткен өңіраралық интеграция жөніндегі дөңгелек үстел барысында айтты.

Л.Н.Гумелев атындағы Еуразия университетінде  «Өңіраралық интеграция: Еуразиялық экономикалық кеңістігінің  даму болашағы мен тәжірибесі» атты дөңгелек үстел өтті. Оған «Еуразия»  ғылыми орталығы және ЕҰУ экономикалық теория және монополияға қарсы реттеу кафедрасы қатысты. Дөңгелек үстел барысында ЕАЭО дамуындағы негізгі мәселе, ЕАЭО елдерінде экономикалық жағдайды жақсарту сынды мәселелер талқыланды.

«Қазақстаннңы КО серіктестігеміен тауар айналымы екі жыл ішінде айтарлықтай өсуді көрсетті – 2010 және 2011 жылдар кедендік бақылаудың алынғандығымен байланысты және шекарадағы әкімшілік кедергілердің болмауы»,- деді М. Мұсатаев.

Оның айтуы бойынша, алдағы уақытта, 2012 жылдан бастап тауар айналымының көлемі жыл сайынға 3 пайыздық өсімді ұстап тұрады. Тек 2014 жылы дағдарысты ескере отырғанда оның көлемі төмендеді.

«Осыған орай, бүгінгі күні еуропалық аймақ пен көрші мемлекеттермен келіссөз процесін жандандыру керек. Өйткені, ЕАЭО-ға 70 пайыз жинақталған тікелей шетелдік инвестициялар Еуропаның инвестициясын құрайды. ЕАЭО-ғы 65 пайыз инвестиция – ЕО-ның  инвестициясы»,- деп ғылыми орталығының директоры айтты.

Сарапшы әлемдік дағдарыстан шығу үшін еркін сауда аймағын құру туралы айтып өтті.

«Бастамасы бар, 2015 жылдың мамыр айында Ветнаммен келісімге қол қойылды, Египет, Үндістан, Израилмен келіссөздер жүргізілуде. ЕАЭО-да еркін сауданы құруға басқа да елдер қызығушылық тантуда. Болашағы бар және олар дами түседі»,-деді ол. 

Барлық жаңалықтар