• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысы Қырғызстанның үш аймағымен ынтымақтастық туралы меморандум орнатты

Жамбыл облысы Қырғызстанның үш аймағымен ынтымақтастық туралы меморандум орнатты

31 Наурыз, 2016 11:29
Жамбыл облысында Қырғыз Республикасы Үкіметінің үш облысындағы уәкілетті өкілдерімен достық қарым-қатынастарды дамыту үшін Меморандумға қол қойылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Жамбыл облысында Қырғыз Республикасы Үкіметінің үш облысындағы уәкілетті өкілдерімен достық қарым-қатынастарды дамыту үшін Меморандумға қол қойылды.

Бүгін Қордай ауданы әкімшілігінің ғимаратында Жамбыл облысының әкімі К. Көкрекбаевтың төрағалығымен сыртқы сауда, ауыл шаруашылығы (ветеринария, фитосанитария), туризм және трансшеқаралық өзендерін суын бөлу мәселелерін талқылау бойынша Чу, Талас, Ыстықкөл облыстарындағы уәкілетті өкілдерімен кездесу өтті.

«Кеден шекараларының ашылуы екі елдің өз мүмкіндіктері шегінде және экономикалық әлеуетінде, бизнесті кеңейту, сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға үлкен мүмкіндік береді», - деп, атап өтті аймақ басшысы.

Кездесуге облыс әкімінің орынбасары, аудан әкімдері, облыстық басқармалар және аумақтық басқармалар басшылары, орталық атқарушы органдардың "Қазсушар"РМК-ның облыстық филиалының директоры қатысты.

Кездесу барысында, біздің мемлекеттеріміз арасындағы су ресурстарын бөлудің, Шу және Талас облыстарындағы трансшеқаралық өзендерін суын бөлу мәселелері атап өтілді.
Сондай-ақ, Жамбыл облысында тұтынатын судың 80 пайызы шекаралас қырғыз елінен келетіндігі айтылды.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Жамбыл облысындағы минералдық тыңайтқыштар зауыты туралы және аммофос, трикальций фосфат және суперфосфатті жеткізу мүмкіндігі бар екендігіне тоқталды. Көрші облыстардан сұраныс болса біз өзіміздегі өнімдерді тасымалдап, тауар айналымының ұлғаюына ықпал етеміз деді, өңір басшысы. Атап айтар болсақ, облыстағы 2 цемент зауытының жалпы өндірістік қуаты - жылына 1 млн. 800 мың тонна цементті құрайды. Сапасы жағынан олар шетелдік өндірушілерден кем түспейді. Қырғызстанға осы цементті экспорттау ұсынылды.

Бұдан әрі, екі жақ сауда-саттық саласындағы маңызды мәселелерді шешу жайы сөз болды. Азық-түлік тауарларын ешбір кедергісіз Жамбыл облысының сауда нүктелеріне жеткізу және Жамбыл облысында Қырғыз елінің кәсіпкерлері мен тауар өндірушілерінің азық-түлік жәрмеңкелерін өткізу жайы қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша, екі жақтағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін Жамбыл облысы әкімдігі мен Қырғыз Республикасының Үкіметінің Чу, Талас және Ыстықкөл облыстарындағы өкілдіктері арасындағы бірқатар Меморандумдарға қол қойылды.

 

Барлық жаңалықтар