- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада 16 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды
Қызылордада 16 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды
«Қазіргі кез жұмыла еңбек ететіндердің заманына айналуда. «Жалғыздың үні шықпас» дегендей, кәсіпкерлер үшін де мәселемен жалғыз айналысқаннан гөрі, бірлесе шешкен тиімді болуда. Біздің өңір тұрғындарының басым бөлігі ауылдық елді мекендерде тұрады. Солардың ішінде 100 мыңнан астамы ауыл шаруашылығымен айналысады. Аталмыш ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің арасында 4 мыңы ғана салық органдары мен статистика органдарында тіркелген. Осы ретте, шаруа қожалықтарының кооперативтерге бірігуі маңызды шара. Бұл ретте Кәсіпкерлер палатасы жыл басынан бері аймақта жергілікті әкімдікпен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде І тоқсанның өзінде аудандарда, ауылдық елді мекендерде барлығы 16 кооператив құрылып, 11 кооперативті тіркеу жұмыстары жүргізілуде», - деді Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.
Айта кету керек, тіркелген 16 кооперативке 78 шаруа қожалықтары енген болса, тіркелу жұмыстары жүргізіліп жатқан 11 кооперативке 42 шаруа қожалықтарын біріктіру жоспарлануда
Өз кезегінде кәсіпкерлер ұсақ шаруа қожалығын ірілендіру арқылы мемлекеттен техникаға, тыңайтқыштарға, несие алуға жеңілдіктер болады деп күтуде.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Еңбек қауіпсіздігі: Жұмысшылар құқығы, өндірістік жарақат және әлеуметтік төлемдер -
Жыл басынан бері 816 мыңнан астам адам АӘК алды -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Балық шаруашылығын дамыту: Қолға алынған шаралар -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Президент тапсырмасы: Samruk Qyzmet рекрутингті онлайн платформасы құрылды