- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: ОҚО-да 12,4 млрд теңгенің 18 инвестжобасын жүзеге асыру жоспарланған
ИИДМБ: ОҚО-да 12,4 млрд теңгенің 18 инвестжобасын жүзеге асыру жоспарланған
Оның айтуынша, өңірдегі барлық индустриалды аймақтарда «Оңтүстік» индустриалды аймағын қосқанда соммасы 174 млрд. теңгені құрайтын 143 жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 11 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Осылайша, индустриалды аймақтардың аумағы 70 пайызға толып отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысы индустриялдық аймақтар саны мен сапасы бойынша абсолютті көшбасшы болып табылады. Өңірдің инвестициялық тартымдылығын дамытып, арттыру мақсатында шағын және орта бизнеске қолайлы жағдайлар жасау үшін облыстың барлық аудан, қалаларында индустриялды аймақтар құрылуда. «Бүгінде облыста 560 гектарды құрайтын 7 индустриялық аймақ іске қосылып, өз жұмысын бастаған.
Бұл – Созақ, Мақтаарал, Шардара, Қазығұрт, Түлкібас аудандары мен Түркістан, Шымкент қалаларындағы «Оңтүстік» индустриалды аймақтар. Ал қалған 4 индустриялдық аймақ пайдалануға енгізу сатысында», -деді М.Тұрабеков. Бүгінде аудан, қалаларда ашылған индустриалды аймақтарда 100 млрд. теңгені құрайтын 73 жобаның 11-і жүзеге асырылды. Олардың құрылуына жұмсалған бюджеттік қаржы қайтарыла бастады.
Ал 2016 жылы соммасы 12,4 млрд. теңгені құрайтын 18 инвестициялық жобаны іске асырылмақ. Олардың 8-і «Тассай», 3-і «Бадам» индустриалды аймағында іске асырылады деп жоспарлануда. Сонымен қоса, осы жылы «Тассай» индустриалды аймағында ресейліктермен бірлескен фармацевтикалық зауыттың құрылысы мен светадиодтты шамдар, ортопедиалық бұйымдар, жиһаз өндірісіне арналған МДФ панельдері зауыттарын іске қосу жоспарлануда. Ал, «Бадам» индустриалды аймағында болат құйю зауытының құрылысы мен ірі жиһаз фабрикасы, бау-бақша арбаларын құрастыратын фабрикалардың құрылысын аяқтау жоспарлануда.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру