- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстаудағы шағын бизнес жаңадан құрылған микроқаржы ұйымы арқылы қолжетімді несиеге ие болды
Маңғыстаудағы шағын бизнес жаңадан құрылған микроқаржы ұйымы арқылы қолжетімді несиеге ие болды
Құжатқа Маңғыстау облысы әкімінің міндетін атқарушы Сүйіндік Алдашев, ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, «АЛМЭКС» холдингтік топ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жомарт Нұрабаев қол қойды.
Маңғыстау облысының әкімдігі мен ҰКП арасында жасалған меморандумның аясында шағын кәсіпкерлер субъектілерін несиелеуге арналған микроқаржы ұйымы (МҚҰ) құрылды. МҚҰ халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, өндірісті қосымша ынталандыру және нарықты отандық тауар мен қызметтерге толтыру мақсатында жаңадан бастап жүрген кәсіпкерлерге өз бизнесін жүргізу үшін тәжірибе жинауға көмектесетін болады.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолжетімді микронесиелеу жобасын іске асыру үшін «ALMEX» инвестициялық қоры арқылы 300 млн. теңге бөлді. Айта кетейік, ұсынылған қаражат тікелей Маңғыстау облысы халқының микронесиесін дамытуға бағытталады. 2015 жылдың қорытындысы бойынша аймақта 47 111 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қызмет етеді. Шағын және орта бизнестегі жұмыспен қамтылғандардың саны өткен жылмен салыстырғанда 105,3%-ға артып, 106,5 мың адамды құрады. Ал ШОБ субъектілерімен өндірілген тауар, жұмыс және қызмет көлемі 100,3%-ға артып, 498,8 млрд.теңгені құрады.
“Біздің кәсіпкерлеріміз, әсіресе ауылдардағы, несиелік ресурстарға үлкен сұраныс тудырып отыр. Осыған орай, өңірдегі кәсіпкерлерге кеңес беру, тәжірибелік қызмет және қаржы көлемін кеңейту бойынша қажетті көмектерді көрсететін боламыз. Облыстық әкімшілік тарапынан микронесиелеуге 288 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылған”, - деп атап өтті Маңғыстау облысы әкімінің міндетін атқарушы Сүйіндік Алдашев.
Микронесиелеу кәсіпкерлікті дамыту Картасына сәйкес жүзеге асырылады. Мұнай өндіретін кәсіпорындар қызметіне деген бағыныштылықты төмендетуге, соның ішінде, заңды тұлғаларға, шаруа (фермер) қожалықтарына, жеке кәсіпкерлер мен тұлғаларға, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізушілерге бағытталған жобаларға артықшылық берілетін болады. Микронесиелеу ұйымы арқылы ресімделетін несие сомасы мерзімі 36 айға дейін болатын жылына 7%-дық өлшеммен 15 миллион теңгеге дейін беріледі.
Кепілдікке жылжымалы және жылжымайтын мүлік, жер телімдері, автокөлік және ауылшаруашылық техникасы, үй жануары, сондай-ақ, үшінші жақтың кепілдігі беріледі. Қарызды өтеудің икемді жүйесі де қарастырылған. Яғни, несие алушы несиенің сомасы мен мақсатына қарай ай сайын, тоқсан сайын, алты айда бір рет немесе жылына бір рет төлеуіне болады. Аталмыш несие алдыңғы несиені жабуға, тұрғын үй мен жер телімін алуға, сауда қызметімен айналысуға берілмейді.
Сонымен қатар, меморандумға қол қою барысында «Маңғыстау» кәсіпкерлерді қолдау орталығы» ЖШС жұмысының басталғандығы туралы хабарланды. Бұл Маңғыстау облысы әкімшілігі мен ҰКП арасындағы алғашқы сынамалы жоба. Орталықтың қызметі кәсіпкерлерге тәжірибе жүзінде және кеңес беру қызметтерін көрсетуге, сондай-ақ, инвесторларды тарту мен оларға қызмет көрсетуге бағытталатын болады.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті