- Басты
- Жаңалықтар
- Жаңажол газ өңдеу зауытының 3-ші кезегі 2016 жылдың маусым айында іске қосылады (ФОТО)
Жаңажол газ өңдеу зауытының 3-ші кезегі 2016 жылдың маусым айында іске қосылады (ФОТО)
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Ақтөбе облысындағы ең ірі мұнай газ өндіру компаниясы. Аймақтағы мұнай мен газдың сәйкесінше 67% және 88%-ы осы компанияда өндіріледі. Кәсіпорында 6300-ден астам адам жұмыс істейді.
Кездесу барысында айтылғандай, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясында биыл екі айдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі кеміді. Оған әлемдегі мұнай бағасының төмендеуі де себеп. Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, шығын орнын газ өндіру, қайта өңдеу және сату арқылы толтыруға болады. Оған жауап ретінде мұнай компаниясының өкілдері үшінші Жаңажол газ өңдеу зауытының үшінші кезегі биыл маусым айында іске қосылатынын жеткізді. Алайда, мұнайшылар бұл процесті жеделдетіп, мамыр айында қолданысқа берілу мүмкіндігін хабарлады.
Тараптар «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-тың аймақтағы бизнестік әлеуметтік жауапкершілігі мен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларына қатысу туралы мәселелерді талқылады.
“Шағын және орта бизнестің дамуына сіздердікіндей ірі компанияларда тауарлардың, жұмыстар мен қызмет түрлерінің жергілікті отандық үлесін арттыру ықпал етеді. Мұндай тапсырманы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев берген болатын. Дағдарыс жағдайында қазақстандық үлесті арттыру, сәйкесінше, импорт алмастыру бойынша жұмыстар өзектілігін сақтап отыр. Қазақстанда, оның ішінде Ақтөбеде өндірілетін тауарлар сырттан тасымалданбауы тиіс”, - деді Бердібек Сапарбаев.
2015 жылдың қорытындысы бойынша «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» сатып алатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердегі жергілікті үлесі 71,3%-ды құрады. Кәсіпорын өкілдері 2018 жылға қарай бұл көрсеткішті 81 %-ға жеткізуді көздейді.
Сонымен бірге, кездесу барысында мұнай өндірісі көлемін азайтпау жөнінде мәселе сөз болды: 2015 жылы компания 4,5 млн. тонна қара алтын өндірді. Сондай-ақ жұмыс орындарын сақтап, еңбекақыны уақытылы төлеу қажеттілігі айтылды.
СНПС Exploration and Development Company LTD бас директорының аға орынбасары Ван Чжунцай әлемдегі шикізат нарығындағы жағдайға қарамастан, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жұмыс орнын азайтуды көздеп отырмағандарын, сонымен бірге жұмысшылар алдында әлеуметтік жауапкершілікті толық көлемде орындайтындықтарын жеткізді.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Мұнай-газ өндіру мәселелері -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды