• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ҚК-ң әскери палигондары Армия ойындары – 2016-ны өткізуге дайындалып жатыр

ҚР ҚК-ң әскери палигондары Армия ойындары – 2016-ны өткізуге дайындалып жатыр

31 Наурыз, 2016 08:59
2016-шы жылы Қазақстан тұңғыш рет өз территориясында Халықаралық армия ойындары – 2016-ға қатысатын басқа елдердің әскери қызметшілерін қабылдайды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінен.

«Биыл республикамыздың территориясында Армия ойындарын өткізу жоспарланып отыр. 2016 жылдың 2-ші тамызы мен 9-шы тамызы аралығында  Жамбыл облысы Қордай ауданының «Гвардейский» оқу палигонының базасында «Артилерия оттарының шеберлері» және «Снайперлік шекара» байқауы өтеді. Аталмыш байқауды ойдағыдай өткізуіміз үшін 1-ші шілдеге дейін палигондар, оқу орындары, әскери қызметшілердің тұратын орындарының дайын болуы туралы тапсырма жүктелді»,-деді ҚР Қарулы күштері Ұрысқа дайындық департаментінің бастығы Тимур Әбішев.

Сайыс ұйымдастырылатын жерге артиллерия байқауын өткізу үшін ұзақтығы 2 шақырым болатын түрлі кедергілері бар арнайы тас жол салу жоспарланып отыр.

«Біріншіден мұндай халықаралық әскери сайыстар халықаралық ынтымақтастықтың нығаюына мүмкіндік береді»,-деп қосты Т.Әбішев.

Бүгінгі таңда 7 елдің әскери қызметшілері қатысатыны мәлім болды. Олар: Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Ресей Федерациясы, Қытай және Қазақстан. 

Барлық жаңалықтар