- Басты
- Жаңалықтар
- ЕЭК: Әлемнің 30 елі ЕАЭО-мен еркін сауда аймағын құруға ниетті
ЕЭК: Әлемнің 30 елі ЕАЭО-мен еркін сауда аймағын құруға ниетті
«Өздеріңіз білетіндей, Еуразиялық экономикалық одақ 2015 жылдан бастап іске қосылды. Қазір одақ құрамында 5 мемлекет бар. Келісімшарт өз күшіне енген сәттен бастап одаққа өткен жылдың қаңтар айында Армения және өткен жылдың тамыз айында Қырғызстан қосылды. Яғни, біздің нарығымыз кеңейе түсті. Үшінші мемлекеттердің еркін сауда аймақтарын құру, сауда қарым-қатынастарын ырықтандыруға деген қызығушылығы арта түсуде. Өткен жылы Вьетнаммен еркін сауда аймағы туралы келісімшартқа қол қойдық және қазір оны іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сол сияқты, бүгінгі таңда Үндістан, Израиль, Мысыр мемлекеттерімен балама келісімдер жасасу мәселелері қарастырылып жатыр. Сонымен қатар, шамамен 30 мемлекет ЕАЭО-мен еркін сауда аймағын құру, сауда-экономикалық ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытып отыр», – деді ол.
Сонымен қатар, С.Асансейітованың айтуынша, ЕАЭО мемлекеттері үшін ортақ нарықтағы еңбекмигранттары үшін қолайлы жағдайлар да жасалғанын және нәтижесінде мемлекеттер арасындағы еңбек мигранттарының саны артқанын айтты.
«Бұл ең алдымен табысқа салық салу мәселесіне қатысты. Сондай-ақ, еңбек мигранттарына медициналық, әлеуметтік кепілдіктер де ұсынылады. Айта кету керек, өткен жылы 6,5 мыңға жуық ресейлік еңбек мигранты Қазақстан нарығында еңбек еткен. Бұл алдыңғы екі жылғы көрсеткіштен шамамен 2 мыңға артық», – деді ЕАЭК өкілі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді