• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕАЭО Қазақстан мен Беларусь арасындағы сауда айналымын көбейтуге барлық жағдайды жасауда (ФОТО)

ЕАЭО Қазақстан мен Беларусь арасындағы сауда айналымын көбейтуге барлық жағдайды жасауда (ФОТО)

30 Наурыз, 2016 17:43
Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстан мен Беларусь арасындағы сауда айналымын көбейтуге барлық жағдайды жасауда, деді ҚР-дағы Беларусьтің Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Ничкасов Астанадағы «Еуразиялық экономикалық интеграция экономика ашықтығы ретінде» атты дөңгелек үстелде.

«Еуразиялық экономикалық  одақ – терең интеграциялық жоба. Соңғы жылдары Беларусь пен Қазақстан арасындағы екіжақты сауда-экономикалық сәулетті өзгерте алды. Екі жақты ынтымақтастықтың жаңа бағытына шығу мүмкіндігі туды, оның ішінде инвестициялық сала да бар. Инвестициялық қатысу негізінде  өндіріс пен нарықты біріктіру үшінші елдер нарығына шығуға мүмкіндік береді. Бұл  ЕАЭО өнімі болып саналады», - деді А.Ничкасов.

Елші атап өткендей, сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту әлеуеті әлі толық жүзеге асырылмады.

«Меніңше, біз әлі жолдың басында тұр, интеграцияның басымдылығы  тауар айналымын бірден көтеруге мүмкіндік береді. Кедендік одақты 2010 жылы құру шешімі қабылданғанда 2014 жылды қоса Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 3 есеге өсті. Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстан мен Беларусь арасындағы сауда айналымын  көбейтуге  барлық жағдайды жасауда», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

Сурет: Азамат  Әлиева

 

Барлық жаңалықтар