Ақтөбе облысында рельстік өнім шығаратын ірі кәсіпкерлік іске қосылады

19 Қараша, 2013 10:27
Өңірде рельстібөрене зауыты құрылысының жобасы қолға алынуда. Зауыт 120 метрлік қызуға төзімді рельстер шығаратын болады, деп хабарлайды Ақтөбе облыстың ішкі саясат басқармасы.

«Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясының қолдауымен жылына 430 мың тонна өнім беретін рельстібөрене зауытының құрылысы бойынша ірі инвестициялық жобаны іске асыру мүмкіндігі тиіп отыр. Зауыт жылына 200 мың тонна рельс, 230 мың тонна сұрыптық прокат өндірмек», - делінген хабарламада.

Зауыт 120 метрлік қызуға төзімді рельстер шығаратын болады. Аталмыш рельстер жоғары жылдамдық пен ауыр жүк тасымалына төзімді.

Хабарламада айтылғандай, жоба аясында жоғары сапалы рельс (блюм) өндіруге арналған болат қорыту электрлі зауытын салу жоспарланған.

Сонымен қатар, зауытты электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында газтурбинналық электрстанциясы салынуда.

Жалпы аталмыш жобаға салынған инвестиция көлемі 115 млрд теңгені құрайды.

Барлық жаңалықтар