- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда сомасы 2,2 млрд. АҚШ доллары болатын зәкірлік инвесторлардың қатысуымен 16 жоба жүзеге асады
Қазақстанда сомасы 2,2 млрд. АҚШ доллары болатын зәкірлік инвесторлардың қатысуымен 16 жоба жүзеге асады
30 Наурыз, 2016 16:27
Қазақстанда сомасы 2,2 млрд. АҚШ доллары болатын 16 жобаны жүзеге асыру үшін зәкірлік инвесторларды тарту жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев «Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» жүзеге асыру» тақырыбына арналған Ұлттық комиссия мүшелерінің Жаңғырту жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткізген баспасөз мәслихатында.
«Бүгінгі таңда сомасы 2,2 млрд. АҚШ доллары болатын 16 жобаны жүзеге асыру үшін зәкірлік инвесторларды тарту жұмыстары жүріп жатыр. Олар: фармацевтика, агроөнеркәсіп кешені, химиялық өндіріс және өндіріс материалдары»,-деп мәлімдеді ол.
Сонымен қатар оның айтуынша, 2015 жылы зәкірлік инвесторлардың және трансұлттық корпорациялардың қатысуымен төрт жаңа өндіріс іске қосылған. Сондай-ақ, 6 компания қайта инвестицияланған. Бұл инвестициялардың жалпы сомасы 250 млн. АҚШ долларын құрайды.
Индира Кауметова
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді