- Басты
- Жаңалықтар
- Д.Назарбаева: Ұлт жоспары қазақстандықтардың өмір сүру сапасын ЭЫДҰ елдеріне жеткізуге бағытталған
Д.Назарбаева: Ұлт жоспары қазақстандықтардың өмір сүру сапасын ЭЫДҰ елдеріне жеткізуге бағытталған
«Жаңа жылдан бері елімізде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін Президент Жарлығы бойынша арнайы ұлттық комиссия құрылып, негізгі ұйымдастыру жұмыстары өткен жылы басталып кеткен болатын. Содан бері бірталай жұмыстар атқарылды. Бес жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Парламент депутаттары, отандық дәне халықаралық сарапшылар тартылды. Бұл жұмыс топтарының жетекшілері бүгін сауалдарға жауап береді», - деді баспасөз мәслихатында бірінші болып сөз алған Дариға Назарбаева.
Вице-премьердің атап өтуінше, комиссия жұмысы Елбасының тұрақты бақылауында. Аз ғана уақыттың ішінде ұлттық комиссияның 48 отырысы өткен. Әлемдік стандарттарға сай келетін 59 заң қабылданып, 400-ден астам нормативтік-құқықтық актілер дайындалды.
«Сондай-ақ, инвесторларға 350 қызмет көрсету бойынша «бір терезе» жүйесі ашылды. ҚХА реформасы өткізілді. «Азаматтарға арналған Үкімет» мемкорпорациясы құрылды. Қазір онда 4 РМК – ХҚКО, Жылжымайтын мүлік орталығы, Ғылыми – өндірістік жер орталығы, зейнетақы берудің мемлекеттік орталығы бар. Ұлт жоспарының одан әрі жүзеге асырылуының негізі қаланды», - деді Д.Назарбаева.
Премьер-Министр орынбасарының айтуынша, Ұлт жоспарын тиімді жүзеге асыру жаңа деңгейге шығып, барша қазақстандықтардың өмірін жақсарту мен экономикалық өсімді нығайтуға мүмкіндік береді.
«Ұлт жоспары қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған. Оның стандарты ЭЫҰД стандартына сай. Әрбір азамат жаңа мүмкіндіктер ашылып, жағдай жасалуда», - деді Д.Назарбаева.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді