- Басты
- Жаңалықтар
- ССКӨБ кен дайындау және байыту фабрикасындағы кептіру желісінің өнімділігі 25 пайызға артты
ССКӨБ кен дайындау және байыту фабрикасындағы кептіру желісінің өнімділігі 25 пайызға артты
Кептіру – фабриканың ең маңызды учаскелерінің бірі. 2011 жылы учаскеде алты кептіру желісін жаңғырту жұмыстары басталған болатын. Олардың суық мезгілде атқаратын қызметі айрықша. Себебі кептіру барысында концентраттың құрамындағы ылғал мөлшері 9,8 пайыздан 3 пайызға дейін төмендетеді. Бұл тасымалдаған кезде өнімнің қатып қалуына жол бермейді.
Ауқымды жұмысты №6 желіні ауыстыру ісі тәмамдады. Жабдықты жаңарту, соның ішінде желіні тоқтатып, қайта іске қосу жұмыстарына бірнеше ай кетті. Дегенмен нәтиже көңіл көншітеді.Учаскеде қайта жаңғыртылған басқа жабдықтар секілді №6 желі сағатына 140 тонна концентраттың орнына енді 200 тонна кенді құрғата алады. Бұнымен қоса, газдың шығыны да сағатына 1250-ден 900 текшеге азайды. Тағы тиімді тұсы кептіру технологиясы экологияға еш залал келтірмейді.
Жаңғырту үдерісінде кептіру желілерінің іргетасы, ресейлік жабдықтар: кептіру барабаны, газды тазарту жүйесі, жылу генераторы, сондай-ақ ысып кетуден сақтап, оның қызмет ету мерзімін ұзартатын май стансасы бар редуктор орнатылды. Жаңарту барысында кептіру барабанындағы концентраттың тез кебуіне мүмкіндік беретін қондырмалар өзгеріске ұшырады. Ескі басқару пульті автоматтандырылғанына ауыстырылып, диспетчер кабинетіндегі компьютердің мониторынан барлық технологиялық үдерісті бақылау мүмкіндігі туды. Бұл кептіру желісін басқаруды әлдеқайда жеңілдетті.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар